Биыл Шамалған станциясының айналма жолы пайдалануға берілмек

12 Сәуір 2022, 11:46
1696
Бөлісу:
Биыл Шамалған станциясының айналма жолы пайдалануға берілмек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық маңызы бар жолдарда құрылыс жұмыстары басталды. Мәселен, биылғы жол-құрылыс маусымында Алматы облысы бойынша 4 жоба қолға алынды. 

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК»  АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың қатарына «Күрті-Бурылбайтал»; «Күрті-Қапшағай»; «Үшарал-Достық»  және Шамалған станциясының айналма жолы жатады.

Биыл Шамалған станциясының айналма жолы пайдалануға берілмек

«Күрті-Бурылбайтал» жобасы бойынша 2152-2295 км аралығы (143 шақырым) жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Бұдан басқа, «Күрті-Қапшағай» (67 шақырым) жобасы бойынша бір бағытта қозғалыс ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, «Үшарал-Достық» (180 шақырым) тас жолында қозғалыс ашылады.

Қазір Шамалған станциясының айналма жолында (ұзындығы 6 км) құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылдың соңына дейін бұл нысан пайдалануға берілмек.

Өзгелердің жаңалығы