Ерлан Қарин АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасарына Қазақстандағы саяси реформалар туралы айтты

12 Сәуір 2022, 17:46
2115
Бөлісу:
Ерлан Қарин АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасарына Қазақстандағы саяси реформалар туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары мәселелері жөніндегі орынбасары Узра Зеямен кездесті.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Ерлан Қарин елімізді саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жүйелі жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформалар туралы айтып берді.

Соның ішінде, Мемлекеттік хатшы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы елді жаңартуды көздейтін ұзақмерзімді бағдардың және жалпы саяси жаңғыру үдерісінің ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Ол билік тармақтары құзыреттерінің барынша тиімді тепе-теңдігін қалыптастыру, көппартиялы жүйені, азаматтық қоғам институттарын және адам құқығын қорғау саласын одан әрі дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының негізгі бастамаларына тоқталды.

Ерлан Қарин АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасарына Қазақстандағы саяси реформалар туралы айтты

Узра Зея Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және экономикалық бастамаларына АҚШ-тың қолдау білдіретінін жеткізді. АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Қазақстанның демократиялық үдерістерді одан әрі ілгерілету жолындағы іс-әрекетіне алдағы уақытта да қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.  

Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың түрлі бағыты бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға ықыласты екенін танытты.

Өзгелердің жаңалығы