Түркістанда 100-ден астам жаңа нысан салынып жатыр

12 Сәуір 2022, 17:10
1434
Бөлісу:
Түркістанда 100-ден астам жаңа нысан салынып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде Түркістан қаласын дамытудың 2-кезеңінің жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құрылыс барысымен танысу үшін күнделікті жұмыс жоспарына сәйкес қаланы жаяу араланған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бірқатар жаңа жобалармен танысты. Кешенді жоспарға сәйкес 109 жобаны іске асыру жоспарланған. Инвестиция көлемі 1,3 трлн. теңге, оның 1 трлн. теңгесі немесе 77%-ы — жеке инвестициялар.

Түркістан қаласын дамытудың ІІ кезеңі 4 аумақта іске асырылып келеді. Ең алдымен, халықаралық әуежай аумағына ауыл шаруашылығы және басқа да серпінді жобалар іске асырылады. Ал әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында заманауи білім, денсаулық сақтау, спорт нысандары мен әкімшілік ғимараттар, демалыс орындары салынып жатыр. Б.Саттарханов даңғылы бойынша спорт кешені,«Яссы» желілік саябақтары салынуда. Және шаһардың мәдени-рухани орталығында «Әзірет Сұлтан» мұражай аумағы абаттандырылып, «Қылует» мешіті, аз қабатты тұрғын үйлер құрылысы іске асырылатын болады.

Аталған шараларды іске асыру нәтижесінде 2025 жылы облысымыздың жалпы өңірлік өнім көлемі 3,6 трлн. теңгеге жетіп, халықтың табысы мен еңбек өнімділігі 50%-ға өсіп, 40 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы