Елде жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 410 адам көз жұмды

12 Сәуір 2022, 22:22
1378
Бөлісу:
Елде жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан  410 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері еліміз бойынша 2600 көлік апаты болып, 410 адам көз жұмған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов мәлімдеді. Оның айтуынша, кейінгі 5 жылда көлік апаты жиілеген. Тіпті жол ережесін 178 рет бұзған жүргізуші бар екен. Тәртіпке бағынбайтындар жауапқа да тартылып жатыр. Бүгінге дейін 74 мыңға жуық көлік жүргізушісі жазаланды. 300-ге жуық адам жүргізуші куәлігінен айырылды. Көлікті мас күйінде тізгіндеген 5 мың 700-ге жуық жүргізуші ұсталды.

Соңғы 5 жыл аралығында жол көлік оқиғасынан жыл сайын 2 мыңнан астам адам көз жұмады. 20 мың адам дене жарақатын алады. Бұл статистика емес, адам өмірі. Оған жол бермеу үшін полиция ғана емес, қоғам болып жұмыс жасау керек. Жаз басталмай жатып, Қызылорда облысында осындай көлік оқиғасы болды. «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі велосипедпен келе жатқан баланы қағып кетіп қаза болды. Нұр-Сұлтан қаласында кеше жолға жүгіріп шыққан баланы қағып кетті, – деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов.

Өзгелердің жаңалығы