3 айда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1,8%-ға артты – АШМ

12 Сәуір 2022, 09:30
1869
Бөлісу:
3 айда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1,8%-ға артты – АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биылдың 3 айында жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1,8%-ға ұлғайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты.

Оның дерегінше, осы жылғы 3 айда жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1,8%-ға ұлғайып, 700,3 млрд теңгені құрады. 

Бұл өсім негізінен мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемінің 2%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Атап айтсақ, ет өндіру көлемі тірідей салмақта 1,2%-ға, сүт өндіру көлемі 1,3%-ға, тауық жұмыртқасын өндіру көлемі 11,6%-ға өсті, - деп баяндады Ауыл шаруашылығы министрі.

Министр Қарашөкеевтің айтуынша, 42,8 млрд теңгеге өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірген.

Нақты көлем индексі 100%-ды құрады. Бұл көлем ауыл шаруашылығы дақылдарын жабық топырақта, яғни жылыжайда өсіру есебінен қамтамасыз етілді, - деп айтты АШМ басшысы Үкіметте.

Өзгелердің жаңалығы