Ұлттық банк: Ресейлік банктерге енгізілген санкциялар қазақстандық банктерге әсер етпейді

12 Сәуір 2022, 10:10
1999
Бөлісу:
Ұлттық банк: Ресейлік банктерге енгізілген санкциялар қазақстандық банктерге әсер етпейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.​​ Санкциялар мен шектеулер Қазақстандық банктердің қызметіне байланысты емес және оларға ықпал етпейді.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкінің Төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлім етті.

Ресей банктеріне және олардың Қазақстандағы еншілес ұйымдарына қатысты санкциялардың күшеюі аталған банктердің жұмысына, атап айтқанда доллардағы, еуродағы аударымдар мен карталық операцияларға әсер етті. Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелері олардың карталары бойынша операцияларға шектеу қойды, -деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның айтуынша, Ұлттық Банк банктердің өз клиенттеріне қызмет көрсетуін қолдау үшін жағдай жасауда.

Ресей банктерінің еншілес банктері шектеусіз түрде қолма-қол теңгемен қамтамасыз етілуде. Аталған банктерге қатысты енгізілген санкциялар мен шектеулер Қазақстандық банктердің қызметіне байланысты емес және оларға ықпал етпейді. Ұлттық Банк жағдайдың дамуы мен олардың нарықтарға ықпалын үнемі қадағалап, санкциялардың Қазақстанның қаржы жүйесіне әсер ету дәрежесін бағалап отырады, сондай-ақ қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауды жалғастырады, -деді Ғ. Пірматов.

Өзгелердің жаңалығы