Жаңа министр журналистерден бір ай уақыт сұрады

12 Сәуір 2022, 12:12
2348
Бөлісу:
Жаңа министр журналистерден бір ай уақыт сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жаңадан тағайындалған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет кулуарында сұрақтарға жауап беру үшін бір ай уақыт беруді сұрады.  

Журналистер өз сауалдарында : Тамара Дүйсенова демала алды ма? Өйткені кезінде Н. Назарбаев сізді осылай деп отставкаға жіберіп еді, - деп сұрады.

Өз кезегінде министр  әркез жұмыс істегенін атап өтті.

Мен әрдайым жұмыс істегенмін. Маған бір айдай уақыт беріңіздер  содан кейін сіздердің алдарыңызға шығып, қажетті сұрақтарыңыздың бәріне жауап беруге даярмын, - деді Тамара Дүйсенова.

Еске сала кетейік, Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы