Энергетика министрі сұйытылған газ өндірісі неге азайғанын түсіндірді

12 Сәуір 2022, 11:04
3181
Бөлісу:
Энергетика министрі сұйытылған газ өндірісі неге азайғанын түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.​​ Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәліп етті.

Оның айтуынша, қаңтар-наурыз аралығында 15 млрд текше метр газ өндірілді. Бұл былтырғы кезеңге қарағанда 8,2% артқан.

Ішкі тұтынудың ұлғаюына байланысты газ экспорты көлемінің төмендеуі байқалады. Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 6,7 млрд. текше метр болды. Мәселен, есепті кезеңде 1,4 млрд текше метр тауарлық газ экспортталды, бұл былтырғы кезеңдегі көлемнің 66,7%-ына тең, - дейді энергетика министрі Болат Ақшолақов бүгінгі үкімет отырысында.

Сондай-ақ ведомства басшысының сөзінше, сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 717 мың тонна . Бұл былтырғы қаңтар-наурыз аралығындағы кезеңнің 87,1%-ына тең.

Былтырғы көрсеткіштен артта қалудың себебі Украинаға экспорттың тұрақсыз жағдайына байланысты «Теңізшевройл» зауытында өндірістің төмендеуі болды. Жалпы, бүгінде қалған зауыттар ішкі нарық үшін сұйытылған газды штаттық, жоспарлы режимде өндіруде, - дейді министр.

 

Өзгелердің жаңалығы