Елордада 15 сәуірден бастап велопрокат жүйесі іске қосылады

12 Сәуір 2022, 23:23
1467
Бөлісу:
Елордада 15 сәуірден бастап велопрокат жүйесі іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында 15 сәуірде «Astana Bike» автоматтандырылған велопрокат жүйесі іске қосылады. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін барлығы 1000-нан астам велосипед пен 155 велостанция қолжетімді болады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Велошеринг қызметтерін пайдалану үшін www.velobike.kz сайтына онлайн тіркелу қажет. Оны 16 жасқа толған адамдар өте алады. Велопрокатқа абонементтерді www.velobike.kz сайтынан және City Transportation Systems кассаларда сатып алуға болады. Велосипедтерді жалға беру жүйесі 24/7 режимінде қолжетімді.

Айта кетейік, велосипедтер мен абонементтерді сатып алу 15 сәуірден бастап сағат 9:00-ден қолжетімді болады. Велопрокатқа тарифтер өзгеріссіз қалады:

Стандартты абонементтер:

- айлық абонемент - 2 500 теңге;

- тоқсандық абонемент - 6 000 теңге;

- маусымдық абонемент - 10 000 теңге.

 

Жеңілдікті абонементтер:

- тоқсандық абонемент - 3 000 теңге;

- маусымдық абонемент - 5 000 теңге.

50% жеңілдік растаушы құжаттарды ұсынған кезде беріледі және азаматтардың жеңілдікті санаттары үшін тоқсандық және маусымдық абонементтерге ғана қолданылады.

Стандартты немесе жеңілдікті абонементтерден басқа пайдаланушының шотында 500 теңге болуы тиіс. Егер ақша таусылса, велосипед экранында «қате» жазу шығады.

30 минутқа дейін велосипедті шектеусіз пайдалануға болады. Мұның негізгі шарты – абонемент сатып алу.

30 минуттан артық жол жүру құны жалға алу уақытына қарай төлем бөлігін есепке ала отырып есептеледі:

– 0-ден 30 минутқа дейін - абонемент құнына қосылған;

– 31-ден 60-қа дейін - 100 теңге;

- 61-ден 120-ға дейін - 250 теңге;

- 121-ден 180-ге дейін - 500 теңге;

- 181-ден бастап және әрбір келесі сағат - 1 000 теңге.

Тәуліктік абонементтер:

- 1-тәуліктік абонемент - 3 500 теңге;

- 3-тәуліктік абонемент - 9 000 теңге;

- 7-тәуліктік абонемент - 17 500 теңге.

Пайдаланушылар қалалық велопрокат сервисі бойынша консультация алуға Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бірыңғай байланыс орталығына iKOMEK-109 қоңырау шалып немесе CTS компаниясының Instagram (@cts_kz) және Facebook (@CityTransportationSystems) әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына жаза алады.

Өзгелердің жаңалығы