30 бала қаза тапты. Балалардың қатысуымен 465 жол апаты болған

12 Сәуір 2022, 14:27
2278
Бөлісу:
30 бала қаза тапты. Балалардың қатысуымен 465 жол апаты болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Тағы бір айта кететін маңызды мәселе балалардың қатысуымен болатын жол апаттары. Осы күнге дейін балалардың қатысуымен жолдарда 465 жол апаты болған. Өкініше қарай, 30 бала қаза тауып, 592-сі жарақат алды. Балаларға күнделікті түрде қарап, оларды бақылауда ұстау керек. Олардың мектептен оралуы, жолда дұрыс жүруіне полиция ғана емес, ата-ана да жауапты болуы керек. Оған қоғам мен барлығы жауап береді, - деді ол. 

Атығай Арыстанов күні кеше балалардың қатысуымен болған жол апаттары туралы айтты. 

Қызылорда облысында жүргізуші велосипедтегі баланы қағып кетіп, ол қаза тапты. Елордада да жүргізуші жолға жүгіріп шыққан баланы қағып кетті. Баланы қадағалап, көңіл бөлмегеннен кейін осындай жол-көлік оқиғалары болады, - деді Арыстанов. 

Өзгелердің жаңалығы