Павлодар мұнай-химия зауыты басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды

12 Сәуір 2022, 21:45
1801
Бөлісу:
Павлодар мұнай-химия зауыты басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлім етті.

2021 жылы шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындауға монополиялық жоғары баға белгілеу түрінде зауыттың өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактілері анықталды.

Заң бұзушылық Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті өңірлік прокуратураның басшылығымен «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС қызметін ведомствоаралық тексеру шеңберінде белгілі болды.  Монополияға қарсы департаменттің қорытындысын прокуратура іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жолдады, - деп жазылған хабарламада.

 2022 жылғы 31 наурызда экономикалық тергеу департаменті 2021 жылы шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша қызметтерге монополиялық жоғары бағаны белгілеу фактісі бойынша «ПМХЗ» ЖШС басшылығына қатысты (қылмыстық іс қозғалды) сотқа дейінгі тергеуді тіркеді.

Өзгелердің жаңалығы