Ғалымдарымыздың орташа жалақысы 405 мың теңгеге дейін өсті – Закарья

12 Сәуір 2022, 11:48
2248
Бөлісу:
Ғалымдарымыздың орташа жалақысы 405 мың теңгеге дейін өсті – Закарья

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья мәлімдеді.

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты ел экономикасына айтарлықтай үлес қосып келеді. Атап айтсақ, кәсіпорынның табысы кейінгі 3 жылда 6 есе өсті, мемлекеттік бюджетке салық аударымдары 200 млн теңгеден 1,2 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл ретте институт 2018 жылы шығынды кәсіпорыннан 2021 жылы 1,7 млрд теңгеге дейінгі таза пайдаға көтерілді, - деп айтты институт басшысы.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша БҚПҒЗИ және «OtarBioPharm» биофармацевтикалық зауытының жұмыскерлері үшін отандық ғалымдарды әлеуметтік қолдау аясында үш 60 пәтерлі тұрғын үй және дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып, пайдалануға берілді. 

Қазіргі уақытта БҚПҒЗИ мен «OtarBioPharm» ЖШС-нің барлық қызметкері тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Қызметкерлердің жалақысы өткен жылдармен салыстырғанда өсті. Егер 2019 жылы орташа жалақы 205 мың теңге болса, 2021 жылы ғалымның орташа жалақысы 405 мың теңгеге дейін өсті, - деп айтты Күнсұлу Закарья.

Өзгелердің жаңалығы