Танымал тележүргізуші балаларды кітап оқуға қызықтырудың жолдарын атады

12 Сәуір 2022, 15:23
2433
Бөлісу:
Танымал тележүргізуші балаларды кітап оқуға қызықтырудың жолдарын атады
PHOTO
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы танымал тележүргізуші Зейін Әліпбек  Eurasin Book Fair-2022 халықаралық кітап жәрмеңкесінің қарсаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.  

Оның ойынша, кітап оқу культін қайтарудың үш жолы бар. 

Біріншісі – әр шаңырақта ата-ана проза, поэзия кітаптарын оқу дәстүрін қалыптастырғандары жөн. Ата-ана кітап оқып отырса, балада қызығушылық пайда болады. Екінші жолы – БАҚ арқылы көркем әдебиетті насихаттау саясатын ұстану. Үшінші жолы – кітап оқу үрдісін балабақшадан бастап мектепте қосымша көркем әдебиетті оқу әдісі енгізілсе, нұр үстіне нұр. Білім беру орындарында түрлі шаралар қолға алынса, біз кітап оқитын ұлтқа жақын боламыз, - деді Зейін Әліпбек.

Танымал тележүргізуші балаларды кітап оқуға қызықтырудың жолдарын атады

Еске сала кетейік, 20-24 сәуір күндері астанада «Eurasin Book Fair-2022» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. ЕХРО халықаралық көрме орталығына жоспарланған ауқымды шараның түндігі биыл бесінші рет түрілгелі отыр. Көрме ересектер үшін де, балалар үшін де бірдей қызықты болатын бес күндік ауқымды мәдени және іскерлік бағдарламаны қамтыған. Көрмеге қатысушыларды балаларға арналған және көркем әдебиет, танымдық және танымал әдебиеттердің тұсаукесері, балалардың шығармашылық және дамуына арналған шеберлік сабақтары, поэзия кештері және дөңгелек үстелдер күтеді. 

Өзгелердің жаңалығы