Все новости за 20 мамыр 2026
-
-
"Жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл". 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ертең Астанада да кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
-
Астана әуежайы ерекше балаларға ыңғайлы жаңа қызметті іске қосты
Бұл балалар мен олардың ата-аналары үшін сапарды анағұрлым тыныш әрі жайлы өткізуге көмектеседі.
-
Өрт сөндірушілер тұрғын үйдегі өртті жедел сөндірді
Шымкент қаласы Нұрсәт-2 шағын ауданында тұрғын үйден өрт шықты. Зардап шеккендер жоқ.
-
Эбола вирусынан көз жұмғандар саны 136-ға жетті
Конго Демократиялық Республикасында эбола індетінен қайтыс болғандар саны 136-ға жетті.
-
Астанада халықаралық симпозиумда Алтын Орда мұрасына қатысты Қарар қабылданды
Қарарды қабылдау симпозиумның пленарлық және секциялық отырыстары аясында жүзеге асты. Оған ғылыми-зерттеу орталықтарының, халықаралық ұйымдардың, академиялық институттардың өкілдері, сондай-ақ гуманитарлық және ғылыми-білім беру салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға атсалысып отырған бейінді құрылымдар қатысты.
-
Үш өңірде үсік жүреді: 21 мамырға арналған ауа райы болжамы
21 мамырда бірден еліміздің үш өңірінде үсік жүреді, ал тағы бір аймақта керісінше, күн ысиды.
-
Қызылорда облысында кәріз құдығына түсіп кеткен түйе құтқарылды
Төтенше жағдай Арал ауданында болған.
-
Шахтинскіде мотоциклге жанармай құймақ болған жасөспірім тірідей жанып кетті
Қарағанды облысында бір бала көз жұмды, екеуі ауруханада.
-
Жетісу облысында бос жұмыс орындарын жасырған 29 кәсіпорын жауапқа тартылды
Электрондық еңбек биржасын алдағысы келген кәсіпкерлер анықталды.
-
Түнгі тыныштықты бұзғандарға қандай жаза бар?
Тыныштықты бұзған азаматтарға ескерту жасалады немесе айыппұл салынады.
-
Қазақстан мен Кения президенттері Alem.ai орталығын аралады
Қазақстан мен Кения президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді.
-
Иранда үлкен соғыс бастала ма? Ирантанушы 3 сценарийді түсіндірді
Ирантанушы АҚШ пен Иран келіссөздері, Трамптың соғыстан шығу жолы, Қытай мен Израиль факторы және бұл жағдайдың Қазақстанға ықпалы туралы айтты.
-
«Кремний саваннасы» мен GovTech: Президент екі елдің IT әлеуетін біріктіруді ұсынды
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен Найроби халықаралық қаржы орталығы арасындағы әріптестік нығая түседі.
-
Олжас Бектеновке NU мен НЗМ-ның инновациялық жобалары таныстырылды
Премьер-министр Олжас Бектенов NU, НЗМ Жоғары қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізіп, инновациялық жобалармен танысты.
-
Тоқаев Кения бизнесіне «Алтын виза» ұсынды: Шетелдік кәсіпкерлерге қандай жеңілдіктер беріледі?
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто «Қазақстан-Кения» бизнес форумына қатысты.
-
Бейжіңдегі үлкен келіссөз: Си мен Путин қандай мәлімдеме жасады?
Қытай мен Ресей лидерлері Бейжіңдегі келіссөзде стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеру, көпполярлы әлем құру және халықаралық саясаттағы ықпалды күшейту туралы мәлімдеме жасады.
-
Mango негізін қалаушы миллиардердің ұлы әкесінің өліміне күдікті болып ұсталды
Әлемге танымал Mango брендінің негізін қалаушы құздан құлап қаза тапқан еді. Бір жылдан соң оның ұлы тергеу нысанына айналды.
-
Қостанай облысында екі мыңға жуық малға «өтірік» екпе салынған: 20 шенеунік жазаланды
8 лауазымды тұлға әкімшілік және 12 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
-
Астанада Еуразиялық жоғары білім көшбасшыларының форумы өтеді
Қатысуға өтініштер 3 маусымына дейін қабылданады.
-
Жоғарғы сот интернеттегі жала мен қорлауға қатысты жаңа қаулы қабылдады
Жоғарғы сот интернеттегі ар-намыс пен іскерлік беделді қорғауға қатысты жаңа қаулы қабылдап, тергеушілер мен прокурорлардың әрекеттеріне шағымдану тәртібін де жаңартты.
-
Мұғалімдер түнде ресторан күзетіп жүрмеуі керек – Аймағамбетов
Мәжіліс депутаты мектеп бітіру кештеріне толық тыйым салуға қарсы шықты.
-
Қазақстанда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынады – Жаңа мәліметтер
Тиісті түзетулер пакеті әзірленген.
-
Көкшетауда көлік жүргізген әйел тротуарға шығып, баланы қағып кетті
Көкшетауда жеңіл көлік жаяу жүргіншілер аймағына шығып кетіп, қыз баланы қағып кетті. Полиция оқиғаның мән-жайын айтты.
-
Ресейге кіру тәртібі өзгереді: Қазақстандықтарға жаңа талап енгізіледі
Жаңа ереже 1 шілдеден күшіне енеді.
-
Германияда ұсталған қазақстандыққа қатысты тың ақпарат шықты
2026 жылғы 29 сәуірде Қазақстан Республикасының азаматы барлау қызметіне қатысы болуы мүмкін деген күдікпен ұсталған.
-
Қазақстан мен ЕО визаны жеңілдету мәселесін талқылап жатыр – СІМ
Визалық талаптарды жеңілдету бойынша келіссөздер жүргізілуде.
-
СІМ Африкадағы Эбола вирусына байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады
Министрлік халықаралық сапарға шығуды жоспарлаған Қазақстан азаматтарына елде қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды ескеруді ұсынады.
-
Африкаға жол ашылды: Кения Қазақстанға өз порттарын логистикалық хаб ретінде ұсынды
Қазақстан мен Кения БҰҰ аясындағы ықпалдастықты күшейтуге келісті.
-
Шенгенге бару тәртібі өзгерді: Қазақстандықтар енді бет-бейнесі арқылы тексеріледі
Жаңа тәртіп туристік сапармен, оқуға, жұмысқа немесе іссапармен баратын азаматтардың бәріне ортақ.
-
Halyk Ақмола облысының әлеумет-экономика дамуына қолдау көрсетпек
Ақмола облысының әкімдігі мен Halyk Bank кәсіпкерлікті дамытуға, әлеуметтік маңызды бастамаларды қолдауға және аймақта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді. Құжатқа Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен Halyk басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова
-
Қазақстан бидайы және Кения кофесі: Екі ел арасындағы сауда айналымы қалай өзгереді?
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді.
-
Путин мен Си Цзиньпин кездесті: "Сібір қуаты 2" жобасы бойынша келісім жоқ
Ресей мен Қытай 40-қа жуық құжатқа қол қоюды жоспарлап отыр.
-
ҚР СІМ БАӘ-де өмір бойына сотталған қазақстандықтың қандай қылмыс жасағанын айтты
Іс бойынша апелляциялық шағым түсірілген.
-
Қазақстаннан да қымбат: Өзбекстанда әрбір жетінші адамның дұрыс тамақтануға мүмкіндігі жоқ
Қымбат рацион және семіздік: Өзбекстан азық-түлік дағдарысына қалай тап болды?
-
Астанада жаңа туған сәбиін сатып жіберген жас анаға сот үкімі шықты
19 жастағы астаналық қыз баласын жалған суррогат ана шарты арқылы басқа отбасыға берген. Сот оған үкім шығарды.
-
Ақмола облысындағы Бестөбе кенішінде екі адам қаза тапты
Ақмола облысындағы кеніште опырылған тау жынысы екі ер адамды басып қалған. Олардың заңсыз кен іздеуге келгені айтылды.
-
Маңғыстаудағы мұнай компаниясына жарты миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды
Маңғыстауда бұрғылау жұмыстары кезінде экологиялық заңбұзушылықтар анықталды.
-
Қазақстан үшін ЕАЭО-ның экономикалық маңызы қандай?
ЕАЭО елдерінен импорт экспорттан екі есе көп болды.
-
Жамбыл облысында алтын кенішіне заңсыз кірген 20 адам 15 тәулікке қамалды
Мойынқұмда алтын өндіруші кәсіпорын аумағына басып кіргендер сотталды.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Кенияның Іскерлік кеңесін құруды ұсынды
Қасым-Жомарт Тоқаев Кения Қазақстанның Африка құрлығындағы маңызды әрі сенімді серіктестерінің бірі екенін атап өтті.
-
Алакөлде қоқыс полигоны пайда бола ма? – Министрлік жауабы
Туризм министрлігі Алакөл маңындағы қоқыс үйіндісі туралы ақпаратқа жауап берді.
-
Талғарда алаяқтар Джеки Чанның "бейнесін" пайдаланып, қарияны алдамақ болған
Алаяқ deepfake технологиясын пайдаланған.
-
Вице-президент кім болады? Депутат негізгі талаптарды атады
Мәжіліс депутаты жаңа институт билік сабақтастығын қамтамасыз ету үшін енгізіліп отырғанын айтты.
-
Каспий жағалауынан тағы 35 итбалықтың өлексесі табылды: Экологтар судан сынама алуда
Маңғыстаудағы экологиялық ахуал: Экологтар теңіз суын тексере бастады.
-
Министрлік "Қыз Жібек" қамзолына қатысты дауға нүкте қойды
Вице-министр Евгений Кочетов әйгілі камзолдың музейге қайтарылатынын айтты
-
Құрбан айтта ет сатып аларда неге мән беру керек? – СЭС ескертеді
Құрбандыққа шалынатын малды тек арнайы белгіленген орындарда – ресми мал сою пункттері мен жергілікті атқарушы органдар бекіткен алаңдарда сою қажет.
-
"20 мың сал да, байып шық": Шымкенттегі қаржы пирамидасына 900 адам кіріп кеткен
«Капитал» атты жоба 900-ден астам адамды «3 күнде 50% табыс» уәдесімен алдап соққан. Тергеу жүріп жатыр.
-
"Ата-аналар бастайды": Депутат мұғалімдерге ақша жинау жайлы айтты
Депутат міндеттеп, сыйлық жинау заңға қайшы екенін айтты.
-
ҰБТ-дан 140 балл алғандарға пәтер мен көлік сыйлау: Аймағамбетов пікір білдірді
Мәжіліс депутаты жоғары нәтиже көрсеткен түлектерге сыйлық беруге қатысты пікір білдірді.
-
Алматыдағы жаңа метро станциясы қашан ашылады?
Тамызда метро станциясының сынақ жұмыстары басталады.
-
Алматыда Астанадағыдай эстакадалы LRT болуы мүмкін
Алматыдағы LRT жобасының басты артықшылықтары аталды.
-
"Өмір бойына сотталуы мүмкін": Депутат Атыраудағы қанды қылмысқа қатысты мәлімдеме жасады
Мәжіліс депутаты діни радикализм мәселесіне қатысты қатаң шешімдер қабылдау қажет екенін айтты.
-
Қазақстанда сайлау жүйесі өзгереді
Жаңа нормалар сайлау процесін жетілдіріп, кандидаттарға қойылатын талаптар мен үгіт ережелерін күшейтеді
-
Жүйелі шаралар мен атаулы қолдау: Алматыда NEET-жастар саны азайды
Алматы қаласында жалпы 18,2 мың адам жұмыспен (оның ішінде 12,6 мыңы тұрақты, 5,6 мыңы уақытша жұмыс) қамтылды.
-
Қазақстанда әкімшілік-аумақтық құрылысқа қатысты жаңа Конституциялық заң қабылданды
Елді мекендердің мәртебесі, шекарасы және құрылу тәртібі енді жаңа құқықтық тетіктермен реттеледі
-
Алматыда BRT орнына LRT салына ма? Сарапшы күтпеген өзгерісті айтты
Алматыдағы LRT құрылысына байланысты BRT жобасы қайта қаралып жатыр.
-
Астана инфрақұрылымы мен сәулеттік келбеті енді жаңа заңмен реттеледі
Құжатта елорда инфрақұрылымын дамыту, сәулеттік келбетті сақтау және қалалық басқару тетіктері нақтыланған
-
Парламент тағы бір заңды екінші оқылымда қабылдады
Жаңа институт қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты күшейтіп, мемлекеттік саясатқа қоғамдық қатысуды кеңейтпек.
-
"Мен басқалардан қалып қойдым ба?": Мектеп бітіру кеші психологиялық қысымға айналып бара ма?
Психологтің айтуынша, қазіргі түлектерге ҰБТ мен болашаққа алаңдаудан бөлек, әлеуметтік желідегі “идеальный выпускной” көрсету қысымы да қатты әсер етіп жатыр.
-
Енді Парламент Құрылтай болып өзгереді: Заң қабылданды
Құжатта Құрылтайдың өкілеттігі, депутаттардың мәртебесі және Үкіметпен өзара іс-қимыл тетіктері айқындалған.
-
Парламент Президент туралы заңды қабылдады
Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар ҚР Президенті туралы Конституциялық заң жобасын екінші оқылымда қабылдады.
-
Тұрғындарға ескерту: Ұлттық паркте Тянь-Шань қоңыр аюы жүр
Ұлттық парк туристерге маңызды ескерту жасады.
-
Алматыда мерейтойлық Beu Fest өтеді: Сахнада Ninety One мен Қайрат Нұртас өнер көрсетеді
Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы мерейтойлық кешке елдің танымал хитмейкерлері, жастардың кумирлері мен сахна жұлдыздары қатысады.
-
Трамптың ФРЖ-ға қысымы Ұлттық қор мен теңгеге қалай әсер етеді?
Федералды резерв жүйесінің шешімі әлемдік нарықты шайқалтуы мүмкін.
-
Ауа, тағам арқылы жұғады: ДСМ қазақстандықтарды сақ болуға шақырды
Шетелге шығатын азаматтарға хантавирустан сақтану жолдары түсіндірілді
-
Ақмола облысында заңсыз қоқыс төгудің 28 мыңға жуық фактісі анықталды
Экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 95 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
-
Жол жиегіндегі көлікке соғылған: СҚО-да жол апатынан екі адам көз жұмды
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
-
Абай облысында отызыншы ауыл алкогольден толықтай бас тартты
Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл бастама тек салауатты өмір салтын қалыптастыру емес, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтудың маңызды қадамы.
-
Көкшетау мен Степногорскте жылу желілерін жаңғыртуға 3,9 млрд теңге бөлінді
Жобалардың жүзеге асуы өңір тұрғындарын жылумен тұрақты қамтамасыз етуге, апатты жағдайлардың алдын алуға және алдағы жылыту маусымын қалыпты өткізуге мүмкіндік береді.
-
Әйел үні және қоғам: Қазақстандағы гендерлік саясаттың келбеті қандай?
Гендерлік теңдік – тек әйел мәселесі емес. Бұл – қоғамның әділеттілігі, мемлекеттің өркениеттілігі және болашақ ұрпақтың қауіпсіз өмір сүруінің кепілі.
-
Пентагон: АҚШ Еуропадағы жауынгерлік топтар санын қысқартты
Сонымен қатар Пентагон Еуропадағы америкалық күштердің болашақтағы конфигурациясы АҚШ-тың стратегиялық мүдделері мен НАТО одақтастарының қорғанысқа қосатын үлесіне қарай айқындалатынын атап өтті.
-
Мұнай қымбаттады, теңге нығайды: Қазақстан экономикасын не күтіп тұр?
Сарапшы сыртқы нарықтағы өзгерістердің теңге бағамына, импорт құнына және елдегі инфляциялық ахуалға ықпалын бағалады.
-
Ұлыбритания үкіметі базалық өнімдер бағасына бақылау енгізуі мүмкін
Мамандардың айтуынша, сәуір айында Ұлыбританиядағы азық-түлік инфляциясы 3,7 пайызға дейін өскен.
-
Қазақ қызы АҚШ-тағы жоғары дипломатиялық қызметке тағайындалды
Әсел Робертс бұған дейін АҚШ-тың мемлекеттік басқару жүйесінде жауапты қызметтер атқарған.
-
Қазақстан ДДҰ Ассамблеясының А комитетіне алғаш рет төрағалық етті
Комитет төрағасы болып Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев сайланды.
-
АҚШ Иранның валюта биржасы мен "көлеңкелі флотына" қарсы жаңа санкциялар енгізді
Ведомство оларды Иран банктері атынан жүздеген миллион доллар көлемінде транзакциялар жүргізді деп айыптады.
-
НАТО Ормуз бұғазында миссия жүргізу жоспарын әзірлемейді
Дипломаттардың мәліметінше, НАТО құрамындағы 32 мемлекеттің бәрі келісім берген жағдайда ғана кез келген операция басталуы мүмкін.
-
Жаңбыр, бұршақ, тұман: Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды
Кей өңірлерде желдің екпіні күшейіп, өрт қаупінің жоғары және төтенше деңгейі сақталады.
-
"Бұл өмір бойғы соғыс емес": Вэнс Ирандағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді
Вэнс АҚШ-тың сыртқы саясаты бір мезетте екі бағытты қатар ұстанатынын – ел ішіндегі азаматтардың әл-ауқатын қорғау және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету екенін жеткізді.
-
Еуроодақ Ресей және Иранмен ынтымақтасатын елдерге инвестицияны қысқартуы мүмкін
Каллас бұл мәлімдемесін ЕО-ның «Global Gateway» атты жаңа инвестициялық стратегиясын әзірлеу аясында жасады.
-
АҚШ Иранға қайта әскери соққы жасауы мүмкін – Трамп
Сонымен қатар Трамп АҚШ-тың басты талабы өзгермегенін, яғни Иранның ядролық қаруға ие болуына жол берілмейтінін атап өтті.
Наверх