Талғарда алаяқтар Джеки Чанның "бейнесін" пайдаланып, қарияны алдамақ болған

Алаяқ deepfake технологиясын пайдаланған.

 видеодан алынған кадр Кеше 2026, 13:07
Кеше 2026, 13:07
291
Фото: видеодан алынған кадр

Алматы облысында телефон алаяқтарының кезекті схемасының жолы кесілді. Бұл жолы алаяқтардың құрбаны бола жаздаған адам – Талғар қаласының егде жастағы тұрғыны, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алаяқтар емханадан хабарласқан болып сөйлескен

Оқиға қарапайым телефон қоңырауынан басталған. Өзін емхана қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адам ер адамға вакцина кезегін растау қажет екенін айтқан.

Ал зейнеткер бірнеше күн бұрын шынымен екпе алу кезегіне тұрған болып шыққан.

Растау үшін сізге SMS-код келеді, соны айтып жіберіңіз, - деген алаяқтар. 

Қария еш күмәнданбаған. Арада көп уақыт өтпей тағы бір қоңырау түскен. Бұл жолы қоңырау шалған адам өзін қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкері ретінде таныстырған.

Ол бұған дейін ер адамға алаяқтар хабарласқанын және енді оның атына несие рәсімдеуге тырысып жатқанын айтқан.

Қазір сізге код жібереміз, содан кейін қаражатыңызды қорғау үшін барлық шотыңызды жабамыз, – деген алаяқ. 

Сонымен қатар, өзін Ринат Жұманов деп таныстырған ер адам видеомен хабарласқан. 

Мені мұқият тыңдаңыз. Мен сіздің атаңыздың мәселесі бойынша хабарласып отырмын ғой. Ол байқамай, алаяқтарға код айтып қойған. Егер мен ерігіп отыр деп ойласаңыз қателесесіз. Бұл жағдайға жеткізген өзі. Біз қазір оған көмектеспекшіміз, - дейді Джеки Чанның бейнесін пайдаланып, видеомен сөйлескен алаяқ. 

Әңгіме барысында ол жәбірленушілерге банкке барып, ақша шығарып, соларға салып жіберу керегін айтқан көрінеді. Алайда кейін бұл қоңыраулардың барлығы алдын ала мұқият жоспарланған алаяқтық схеманың бір бөлігі екені анықталған.

Яғни алғашқы да, екінші де қоңырау азаматтың сеніміне кіріп, жеке мәліметтері мен қаржылық ресурстарына қол жеткізу үшін ұйымдастырылған.

Полиция дер кезінде араласқан

Абырой болғанда, қылмыстық жоспар жүзеге аспай қалған. Полиция қызметкерлері дер кезінде араласып, алаяқтық схеманың жолын кескен. Сонымен қатар құқық қорғау органдары егде жастағы тұрғынды ХҚКО-ға дейін ертіп барып, қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдаған.

Атап айтқанда, ер адамның ЭЦҚ кілті ауыстырылып, алаяқтардың оның жеке және электронды деректеріне қайта қол жеткізу мүмкіндігіне тосқауыл қойылған.

Полицейлердің айтуынша, мұндай схемалар соңғы уақытта күрделене түскен.

Қазір алаяқтар шынайы өмірдегі жағдайларды пайдаланып, адамдарға шұғыл әрекет қажет деген әсер қалдырады. Кей жағдайда бірден бірнеше ұйымның атынан хабарласып, сенімге кіруге тырысады.

Тағы оқи отырыңыз: "20 мың сал да, байып шық": Шымкенттегі қаржы пирамидасына 900 адам кіріп кеткен 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх