Қызылорда облысында құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен түйені шығарып алды.
Құтқарушыларға Арал ауданындағы үй жанында кәріз құдығына түсіп кеткен түйенің өздігінен шыға алмай тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы техника мен құрал-жабдықтардың көмегімен құтқару жұмыстарын жүргізді. Құтқарушыдардың жедел әрі үйлесімді әрекеттің нәтижесінде түйе құдықтан аман-есен шығарылды, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Астанада басы горшокқа кептетіліп қалған 4 жасар бала құтқарылған болатын.
Семейде 47 жастағы әйелдің ішінен 6 келілік ісік алынды
Беті картонмен жабылған: Ақтауда кішкентай бала кәріз құдығына құлап кетті
Алматыда дәрігерлер 5 жасар баланың өкпесінен тирдың оғын алып шықты