6 маусым күні Алматыдағы «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде еліміздегі ірі музыкалық фестивальдердің бірі – Beu Fest-тің мерейтойлық кеші өтеді.
Биыл фестиваль бес жылдығын атап өтпек. Осы уақыт ішінде Beu Fest қазақстандық заманауи музыканың басты алаңдарының біріне айналып, тыңдарман мен өнерпаздарды бір сахнада тоғыстырған ірі мәдени жоба ретінде танылды. Фестивальдің тағы бір ерекшелігі – оның еліміздегі Beu FM радиостанциясының тікелей қолдауымен өтетін жалғыз музыкалық фестиваль болуы.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы мерейтойлық кешке елдің танымал хитмейкерлері, жастардың кумирлері мен сахна жұлдыздары қатысады.
Фестиваль сахнасында Ninety One, Қайрат Нұртас, Shiza, ALEM, Yenlik, M’Dee, Ayau, Ghetto Dogs, Жанар Дұғалова, Bonapart, Ulukmanapo және Мирбек Атабеков өнер көрсетеді.
Мұндай ауқымды лайнап фестивальдің негізгі миссиясын айқындай түседі. Яғни, Q-pop, хип-хоп, инди және эстрада жанрларын бір сахнада тоғыстырып, тыңдарманға түрлі музыкалық бағыттарды ұсыну. Әсіресе, Ghetto Dogs тобының сахнаға қайта оралуы көрермен үшін ерекше тосынсый болмақ.
Ұйымдастырушылар Beu Fest-ті ұзақ уақыт есте қалатын музыкалық мереке ретінде сипаттайды.
Іс-шара туралы ақпарат:
Күні: 6 маусым 2026 жыл
Өтетін орны: «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешені
Билеттер: Ticketon.kz сайтында сатылымда
Қосымша ақпарат:
Телефон: 8 777 079 99 79
Instagram: Beu FM Instagram парақшасы