АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Ақ үйдегі баспасөз брифингінде Иранға қатысты жағдай туралы пікір білдірді.
ВВС арнасының хабарлауынша, Вэнс Вашингтонның мақсаты ұзаққа созылатын соғыс емес екенін атап өтті.
Бұл өмір бойғы соғыс емес. Біз істі аяқтап, үйге қайтамыз, - деді Вэнс.
Сонымен қатар ол АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерде белгілі бір ілгерілеу бар екенін айтқанымен, нақты нәтижелер мен мерзімдерге қатысты ақпарат бермеді.
Вэнс АҚШ-тың сыртқы саясаты бір мезетте екі бағытты қатар ұстанатынын – ел ішіндегі азаматтардың әл-ауқатын қорғау және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету екенін жеткізді.
Алайда сарапшылардың пікірінше, нақты стратегия мен соғыстың аяқталу мерзімі айтылмағандықтан, бұл мәлімдеме қоғамдағы белгісіздікті толық сейілте алған жоқ.