Өрт сөндірушілер тұрғын үйдегі өртті жедел сөндірді

Шымкент қаласы Нұрсәт-2 шағын ауданында тұрғын үйден өрт шықты. Зардап шеккендер жоқ.

 ТЖМ телеграм каналы Кеше 2026, 22:37
Кеше 2026, 22:37
277
Фото: ТЖМ телеграм каналы

Шымкент қаласы Нұрсәт-2 шағын ауданында бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде үй заттарының жануы орын алды.

Хабарлама түскеннен кейін ТЖМ бөлімшелері оқиға орнына жедел жетіп, бірден өртті сөндіруге кірісті. Өрт шағын аумақта сөндірілді.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттері жалынның пәтердің басқа бөлмелеріне таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ.

Наверх