Тұрғындарға ескерту: Ұлттық паркте Тянь-Шань қоңыр аюы жүр

Ұлттық парк туристерге маңызды ескерту жасады.

 gov.kz Бүгiн 2026, 10:01
Бүгiн 2026, 10:01
229
Фото: gov.kz

Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында аю байқалды. Бұл ақпаратты ұлттық парктің әкімшілігі ресми түрде растады.

Жабайы жыртқыш парктің Аттапқан шатқалында орналасқан ұзақ мерзімді серіктестік аумағы – «Табиғат ОРХ» ЖШС маңында тіркелген.

Айта кетейік, ұлттық паркті мекендейтін Тянь-Шань қоңыр аюы Қазақстанның және Халықаралық Қызыл кітапқа енген. Олар табиғатынан адамға сирек шабуыл жасайтын аңдардың қатарына жатады. Салмағы 135-200 келіге дейін жететін бұл жыртқыштар негізінен теңіз деңгейінен 1500-3500 метр биіктікте тіршілік етеді.

Ұлттық парк әкімшілігінің маңызды үндеуі

Осы жағдайға байланысты, ұлттық парк мамандары туристер мен жергілікті тұрғындарға арнайы ескерту жасап, табиғат аясында жүргенде мына ережелерді қатаң сақтауды сұрады:

  • Жануарларды тамақтандырмау: Жабайы аңдарды, әсіресе аюларды қолдан тамақтандыруға мүлдем болмайды. Бұл олардың инстинктін бұзып, адамдар жүретін жерге жиі келуіне әкеп соғады;
  • Қалдықтарды тазалау: Демалыс орындарында тамақ қалдықтары мен қоқыстарды қалдырмау қажет, себебі оның иісі жыртқыштарды өзіне тартады;
  • Қауіпсіз қашықтық: Жабайы жануарды көрген сәтте оған жақындауға, суретке түсу үшін мазалауға тыйым салынады.

Мамандар табиғи ортада түз тағысымен кездескен жағдайда барынша сабырлық сақтап, оның назарын аудармай, байқатпай қауіпсіз жерге шегіну қажеттігін ескертеді.

Наверх