Эбола вирусынан көз жұмғандар саны 136-ға жетті

Конго Демократиялық Республикасында эбола індетінен қайтыс болғандар саны 136-ға жетті.

 James Giahyue/ Reuters 20 Мамыр 2026, 22:12
20 Мамыр 2026, 22:12
1142
Фото: James Giahyue/ Reuters

Соңғы мәліметке қарағанда, Конго Демократиялық Республикасында қауіпті індеттен қайтыс болғандар саны 136-ға жетіп, 514 тұрғын осы ауруды жұқтырды деген күдікпен карантинге жабылған.

Ал көршілес Угандада бір адам көз жұмды. 

Эболаға шалдыққан адамның алғашқы кезде тұмау тәрізді денесі қалшылдап, басы ауырып, қалжырайды. Науқастың органдары жұмыс істемей, кейбір пациенттер көп қан жоғалтады.

Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Африканың бірқатар елінде Эбола вирусының таралуына байланысты ескерту жасағанын жаздық.

 

 

Наверх