Қазақстан мен ЕО визаны жеңілдету мәселесін талқылап жатыр – СІМ

Визалық талаптарды жеңілдету бойынша келіссөздер жүргізілуде.

 ©BAQ.KZ коллажы Кеше 2026, 16:25
Кеше 2026, 16:25
386
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Қазақстан мен Еуроодақ елдері арасындағы визалық талаптарды жеңілдету бойынша келіссөздер жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бұл бағытта екі кезеңнен тұратын келіссөздер өтіп үлгерген. Алғашқы кездесу желтоқсанда Брюссельде ұйымдастырылса, екінші раунд ақпанда Астанада өткен.

Визалық режимді, нақтырақ айтқанда, визалық талаптарды жеңілдету бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін екі раунд: бірі – Брюссельде, екіншісі – Астанада өтті. Жақын уақытта үшінші кезең өтеді деп күтілуде. Яғни процесс жүріп жатыр. Нақты нәтижелер болған кезде қосымша ақпарат береміз, – деп мәлімдеді СІМ ресми өкілі.

Министрлік әңгіме Шенген аймағына кірмейтін үшінші елдердің азаматтарына арналған рәсімдерді жеңілдету туралы болып отырғанын түсіндірді.

Ведомство бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасып жатқанын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Шенгенге бару тәртібі өзгергені хабарланды. Қазақстандықтар енді бет-бейнесі арқылы тексеріледі.

Наверх