Алакөлде қоқыс полигоны пайда бола ма? – Министрлік жауабы

Туризм министрлігі Алакөл маңындағы қоқыс үйіндісі туралы ақпаратқа жауап берді.

 Абай облысының әкімдігі Кеше 2026, 13:24
Кеше 2026, 13:24
605
Фото: Абай облысының әкімдігі

Туризм және спорт министрлігі Жетісу облысы Ақши ауылындағы Алакөл көлінің маңында орналасқан шұңқыр туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ

Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжановтың мәлімдеуінше, жарияланымдар шыққан бойда ведомство әкімдікпен бірлесіп, жағдайды бірден тексерген. 

Оның айтуынша, туристік аймақтың жанында қоқыс полигоны пайда болуы мүмкін деген ақпарат расталмады.

Мұндай жарияланым туралы білгенде, шыны керек, өзіміз де таңғалдық. Бұл қазаншұңқырдың жанында Алакөл курортының сол жақ жағалауы орналасқан. Онда өткен жылы ғана жаңа демалыс базалары бой көтерген болатын. Жағдайды өзіміз де түсінбедік, - деді Байжанов.

Ол шұңқырдың туристер келетін теміржол желісіне жақын орналасқанын, сондықтан бұл мәселе тез арада бақылауға алынғанын атап өтті.

Әкімдіктің мәліметінше, шұңқыр өткен жылы құрылыс жұмыстары кезінде пайда болған.

Бұл шұңқыр құрылыс жұмыстары аясында пайда болды. Өткен жылы ол жерде жол жөндеу, жағалауды бекіту және басқа де жұмыстар жүргізіліп, құрылысқа қажетті материалдар алынған, - деп түсіндірді Туризм министрлігінің өкілі.

Министрлік бұл жерде қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын құру мәселесі мүлдем қарастырылып жатпағанын қадап айтты.

Биыл бұл шұңқырдан қоқыс үйіндісін немесе қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын жасау туралы мұндай міндеттер мен жоспарлар жоқ, - деп мәлімдеді Байжанов.

Қазіргі уақытта шұңқырды қайта жабу (толтыру) мәселесін Жетісу облысының әкімдігі қарастырып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Алакөлде шомылу маусымы 20 маусымда ашылатыны хабарланды

Тағы оқи отырыңыздар: 

Алакөлде алғашқы әмбебап құтқару бөлімшесі ашылды

Алакөл мен Балқаш туризміне екпін: Тоқаев Жетісу әкіміне тапсырма жүктеді

Алакөлге 10 млрд теңге: Бектенов Абай облысындағы туризм жобаларын көрді

Наверх