СІМ Африкадағы Эбола вирусына байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады

Министрлік халықаралық сапарға шығуды жоспарлаған Қазақстан азаматтарына елде қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды ескеруді ұсынады.

 pixabay.com Кеше 2026, 16:18
Кеше 2026, 16:18
233
Фото: pixabay.com

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Африканың бірқатар елінде Эбола вирусының таралуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ведомство мәліметінше, шетелге сапар жоспарлап жүрген азаматтарға қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескеруге кеңес берілген.

Сыртқы істер министрлігі Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесін назарға ала отырып, халықаралық сапарға шығуды жоспарлаған Қазақстан азаматтарына Африканың бірнеше еліндегі Эбола вирусының таралуына байланысты қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды ескеруді ұсынады, – деп мәлімдеді СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев.

Министрлік қазақстандықтарға баратын елдегі эпидемиологиялық жағдаймен алдын ала танысып, жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді.

Сондай-ақ қажет болған жағдайда жергілікті медициналық мекемелердің көмегіне жүгіну ұсынылды.

Еске салсақ, ДДСҰ Африкадағы Эбола штаммының өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялады.

Тағы оқи отырыңыз: Конгода Эбола індеті қайта өршіді: 65 адам көз жұмды 

ДДСҰ дабыл қағуда: Эбола дертінен қайтыс болғандар екі есе артты 

 

Наверх