АҚШ Иранның валюта биржасы мен "көлеңкелі флотына" қарсы жаңа санкциялар енгізді

Ведомство оларды Иран банктері атынан жүздеген миллион доллар көлемінде транзакциялар жүргізді деп айыптады.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 05:18
Бүгiн 2026, 05:18
33
Фото: depositphotos.com

АҚШ әкімшілігі Иранның валюта айырбастау компаниялары мен түрлі елдерде жұмыс істейтін делдал фирмаларға қарсы жаңа санкциялар жариялады. Вашингтон бұл шараны Тегеранға қысымды күшейту саясаты аясында қабылдап отыр. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды.

АҚШ Қаржы министрлігінің мәліметінше, санкцияға Иранда орналасқан Amin Exchange компаниясы және оның Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Гонконг секілді елдердегі серіктестері іліккен. Ведомство оларды Иран банктері атынан жүздеген миллион доллар көлемінде транзакциялар жүргізді деп айыптады.

Сонымен қатар АҚШ Иран мұнайы мен мұнай өнімдерін тасымалдауға қатысы бар 19 кемені «қара тізімге» енгізгенін хабарлады. Бұл кемелердің бір бөлігі әртүрлі елдердің туымен жүзген.

АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессенттің айтуынша, Иранның «көлеңкелі банк жүйесі» халықаралық қаржы жүйесін айналып өтуге және санкцияларды бұзуға мүмкіндік береді.

Вашингтон бұл шаралар Иранның қаржылық және энергетикалық секторына қысымды күшейтуге бағытталғанын мәлімдеді.

Наверх