Ақмола облысындағы Бестөбе кенішінде екі адам қаза тапты

Ақмола облысындағы кеніште опырылған тау жынысы екі ер адамды басып қалған. Олардың заңсыз кен іздеуге келгені айтылды.

Кеше 2026, 14:46
АВТОР
 pixabay.com Кеше 2026, 14:46
Кеше 2026, 14:46
448
Фото: pixabay.com

Ақмола облысындағы Бестөбе кенішінде шахта опырылып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қайғылы оқиға 19 мамыр күні «Қазақалтын» ЖШС-не қарасты «Орталық» шахтасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, шахтаның 610-горизонтында тау жынысы опырылып, екі адам үйінді астында қалған.

Оқиға орнына жеткен тау-кен құтқарушылары апат болған жерге дейін шамамен бір жарым шақырым жол жүріп өткен. Алайда құтқару жұмыстары кезінде ер адамдар жер бетіне тіршілік белгілерінсіз шығарылған.

Қаза тапқандардың жасы 38 және 21-де болғаны белгілі. Олар Солтүстік Қазақстан облысынан келген. Алдын ала ақпарат бойынша, ер адамдар заңсыз кен іздеумен айналысқан.

Ақмола облыстық Полиция департаменті аталған факі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Аталған дерек бойынша Степногорск қалалық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 269-1-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, – деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін де сол Ақмола облысындағы Бестөбе кенішіне заңсыз кірген ер адам қаза тапқан болатын.

Сондай-ақ, Жамбыл облысында алтын кенішіне заңсыз кірген 20 адам 15 тәулікке қамалғанын да хабарладық.

Тағы оқи отырыңыздар:

 Шығыс Қазақстан облысындағы кеніште 7 адам зардап шекті

Ақмола облысындағы шахтада жұмысшы өлі күйінде табылды

Абай облысында газдан уланған жұмысшы қаза тауып, тағы біреуі ауруханаға түсті

Наверх