Жол жиегіндегі көлікке соғылған: СҚО-да жол апатынан екі адам көз жұмды

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 istockphoto.com Кеше 2026, 08:32
Кеше 2026, 08:32
405
Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам көз жұмды. Қайғылы оқиға республикалық маңызы бар «Петропавл–Жезқазған» автожолының 808-шақырымында болған.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға шамамен сағат 16:00 кезінде тіркелген. Петропавл қаласынан Сергеевка бағытына қарай келе жатқан «Нива» автокөлігі жол жиегінде тоқтап тұрған «ГАЗель» көлігіне соғылған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Шал ақын ауданындағы Кеңес және Жаңажол ауылдарының арасында болған.

Апат салдарынан «Нива» көлігінің 40 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ал 45 жастағы жүргізуші аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, қабылдау бөлімінде көз жұмған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Осыған байланысты полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдықты асырмауды және жолда барынша мұқият болуды ескертті.

Наверх