Маңғыстау облысында Каспий жағалауынан әлі де итбалықтардың өлекселері табылып жатыр.
19 мамырда Баутино ауылының маңындағы «Асан» жерінен «Касаға» дейінгі жағалау бөлігінен тағы 35 өлі итбалық пен 2 бекіре тұқымдас балықтың өлексесі табылды.
Экология департаментінің зертханалық-талдау бақылау бөлімінің мамандары осы учаскедегі теңіз суынан сынама алды.
19 мамыр күні Маңғыстау облысының балық шаруашылығы Басқармасының “Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі қызмет” КММ-нің инспекторлары Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында «Асан» жерінен бастап Баутин ауылына қарасты «Каса» жеріне дейінгі аралықта теңіз жағалауынан 35 дана итбалық және 2 дана бекіре тұқымдас балықтарының өлекселерін анықтады. Осыған орай Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары аталған орында теңіз суынан су сынамаларын алу жұмыстарын жүргізді. Су сынамаларының қорытындысы қосымша хабарланатын болады, – деп мәлімдеді Маңғыстау облысының экология департаменті.
Еске салайық, бұған дейін Каспий теңізіндегі Құлалы аралында 37 итбалықтың өлексесі табылды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Газ, індет әлде экология: Каспийдегі итбалықтардың қырылуына не себеп?
Каспий жағалауында итбалықтар жаппай қырылып жатыр
Маңғыстауда өлі итбалықтар саны 200-ге жуықтады