Все новости за 27 қыркүйек 2026
-
-
Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді
Вучичтің президенттік өкілеттігінің екінші мерзімі 2027 жылы аяқталуы тиіс еді.
-
Алматыда есірткіні жасырын орындар арқылы таратқан күдікті ұсталды
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.
-
Кикбоксингтен әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы жалпы есепте көш бастады
Отандастарымыз жарысты 25 алтын, 20 күміс және 21 қола медальмен аяқтады.
-
Маңғыстауда ер адам шатқалға құлап кетті
Ер адам медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.
-
Ақмола облысында 91 жастағы қария құтқарылды
Құтқарушылар келген кезде пәтерде газ-ауа қоспасының кейіннен жанусыз тарсылдағаны анықталды.
-
Алматы хайуанаттар бағында екі марал төлі дүниеге келді
Хайуанаттар бағындағы маралдар отбасы биыл бірден екі төлмен толықты.
-
WorldSkills Shanghai 2026: Қазақстан құрамасы сегіз марапат иеленді
Биылғы әлем чемпионатында Қазақстан атынан 31 құзыреттілік бойынша 33 колледж студенті қатысты.
-
Гималайда қар көшкіні лагерьді басып қалды: Непалдың 14 азаматы хабар-ошарсыз кетті
Қолайсыз ауа райы іздеу-құтқару жұмыстарына кедергі келтіріп жатыр.
-
Еуропалық Одақ гуманитарлық көмекке 700 миллион еуродан астам қаржы бөледі
Қаражат соғыс пен апаттан зардап шеккендерге бағытталады.
-
Сертификат бар, білім бар ма: Қазақстанда еңбекті қорғау жүйесі қалай өзгермек?
Сарапшы жүйедегі мәселені атады.
-
Бокстан әлем чемпионы Айбек Оралбай Азия ойындарының жартылай финалына шықты
Қазақстандық боксшы ширек финалда қырғызстандық Мырзакир Қошалиевті жеңіп, кемінде қола медальді қамтамасыз етті.
-
Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар турнирді жеңіліссіз аяқтады.
-
Қорғаныс министріне бірқатар кезек күттірмейтін міндет жүктелді
Қорғаныс министрлігіне әскерді реформалау жоспарын 10 күн ішінде әзірлеу тапсырылды.
-
Қазақстан армиясы цифрлық трансформациядан өтеді – Тоқаев
Президент цифрлық трансформация жүргізіп, қолбасшылық жүйесін қайта құруды тапсырды.
-
Тоқаев: Әскерді түбегейлі реформалайтын уақыт келді
Президент оқу-жаттығу кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуына баға беруді тапсырды.
-
Мемлекет басшысы әскери оқу-жаттығуды ұйымдастырудағы кемшіліктерді атады
Президент қайғылы оқиғаға себеп болған жауапсыздық пен салғырттықты сынға алды.
-
Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды
Мемлекет басшысы армияны жаңа үлгіге көшіру қажеттігін айтты.
-
Жетісу облысында жетуі қиын аумақтағы ірі өрт сөндіріліп жатыр
Өртті сөндіруге 40-қа жуық адам мен 12 техника жұмылдырылды.
-
Үндістан мен Непалда су тасқыны мен лай көшкіні болып, 19 адам қаза тапты
Қатты жауын-шашын мен дауыл салдарынан екі елде су тасқыны мен лай көшкіні болып, тағы 10 адам із-түзсіз жоғалып кетті.
-
Алматы марафонына 16 мың адам қатысып, қалдықтар қайта өңдеуге жіберілді
Мерейтойлық марафонда қалдықтарды бөлек жинау 2019 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.
-
Ескі видео Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаның кадрлары ретінде таратылды
Әлеуметтік желіде әскери қызметшілердің қазасына қатысты тағы бір манипуляциялық видео тарады. Кадрда қайтыс болған адамның «денесін» көлікпен тасымалдап бара жатқан сәт көрсетіліп, оны Маңғыстаудағы қайғылы оқиғамен байланыстырған.
Ақпаратты NoFake.kz сайты жоққа шығарды.
Тексеру барысында
-
Қазақстандық ауыр атлет Аянат Жұмағали Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды
Қазақстандық ауыр атлет Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды.
-
Қазақстандық семсерлесушілер Азия ойындарының жеңімпазы атанды
Шешуші бәсекеде ел құрамасы қарсыластарынан басым түсті.
-
Ұрлық, бопсалау және есірткі: ҰҚТ-ға қатысты 45 іс сотқа жолданды
Жыл басынан бері Қазақстан соттарында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты істер қаралып, олардың бірқатарына ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
-
Өскеменде тұрғын үйдегі пәтер өртенді
Өрт кезінде 10 адам эвакуацияланып, бір адам құтқарылды.
-
Маңғыстаудағы оқиға: Президент тапсырмалары мен қабылданған шаралар
Президент оқиға болған сәттен жағдайды бақылауда ұстады. Арнайы тапсырмамен Үкіметтік комиссия құрылып, тергеу басталды, қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсетілді.
-
Мемлекет басшысы Қорғаныс министріне әскердегі тәрбие жұмысын күшейтуді тапсырды.
Президент жаңа министрді қабылдады.
-
Саясаттанушы жаңа Қорғаныс министрінің тағайындалуын түсіндірді
Саясаттанушы Мемлекеттік күзет қызметінің офицерлерін күрделі бағыттарға тағайындау қалыптасқан тәжірибеге айналып келе жатқанын айтты.
-
Тоқаев әскери борышын өтеу кезінде ерлік көрсеткен сарбаздарды марапаттады
Үш әскери қызметші «Ерлігі үшін» медаліне ие болды.
-
Трамп Иранның бітім туралы ұсынысын қабылдамады
Тегеран Ормуз бұғазын ашып, жеті күнге әскери қимылдарды тоқтатуды ұсынған.
-
Чили жағалауында қуатты жер сілкінісі болды
Жер сілкінісінің магнитудасы 5,2-ге жетті.
-
Каспийдегі оқу-жаттығуда қаза тапқан әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар берілді
Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды.
Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденім
-
Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды
Елімізде жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дей
-
Ерлан Тасмағамбетов Азия ойындарында тұңғыш рет жүлдеге ілікті
Қазақстандық батутшы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.
-
Алматыда TikTok эфирінде балағат сөз айтқан екі қыз 5 тәулікке қамалды
19 және 21 жастағы қыздарға сот әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.
-
Дәнекерлеушіден электрикке дейін: Қазақстанда жұмысшы мамандар қанша алады?
Қазақстанда жұмысшы мамандықтарға деген сұраныс еңбек нарығының маңызды бөлігін құрайды. BAQ.KZ ресми деректерге сүйеніп шолу жасады.
Құрылыс, өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және коммуналдық шаруашылық сияқты салалардың қалыпты жұмыс істеуі техникалық білімі мен кәсіби дағдысы бар м
-
Михаил Шайдоров Непела мемориалында қола жүлдегер атанды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 272,75 ұпай жинады.
-
Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен босатылды
Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды.
-
Еңбек адамына құрмет: Елімізде жұмысшы мамандықтарға қандай қолдау көрсетіліп жатыр?
Еңбек күні – осы мамандық иелерінің күнделікті еңбегін қоғамға тағы бір мәрте танытып, кәсіби шеберлік пен адал еңбектің құндылығын көрсетуге арналған мүмкіндік.
-
Мемлекет басшысы Түрікменстан басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қазақстан Президенті Түрікменстан басшылығының мемлекет мүддесі жолындағы қызметіне толайым табыс, ал бауырлас түрікмен халқына бақ-береке тіледі.
-
Қазақстан Азиада-2026 ойындарында әртістік жүзуден алғашқы медалін жеңіп алды
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық жұп 286,0826 ұпай жинап, үшінші орын алды.
-
Қазақстанда биік таулы мұздақ көлдерінен 3,5 млн текше метр су сорылды
Тауларда 44 бақылау бекеті мен 11 авариялық-механикаландырылған бригада жұмыс істеді. Алдын алу жұмыстарына 100-ден астам маман тартылды.
-
"Еңбек – бәрін жеңбек": Тоқаев қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады
Президент "Әлем халықтарына ортақ "Еңбек – бәрін жеңбек" нақыл сөзінің мәні зор, мағынасы терең. Табанды еңбек – жетістікке жетудің көзі" деп атап өтті.
-
Азиада-2026: Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Қазақстанға тоғызыншы алтын медальді сыйлады
Отандасымыз жарысты 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижесімен аяқтады.
-
АҚШ-тың бір штатында жасөспірімдерге TikTok қолдануға күніне екі сағаттық шектеу қойылады
Алабама билігі бұл келісімді әлеуметтік желілердің жасөспірімдерге ықпалына қатысты тергеулер аясында TikTok пен АҚШ штаты арасындағы алғашқы осындай келісім деп атады.
-
Еліміздің алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – жерге жақын атмосфера қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі.
-
Ресейдегі ең ірі көмір кен орнында жарылыс болып, төрт адам қаза тапты
Алдын ала мәлімет бойынша, жарылысқа су сақтайтын резервуардың герметикалығының бұзылуы себеп болуы мүмкін.
-
Бангкок су тасқыны қаупіне байланысты апатты аймақ деп жарияланды
Ұзаққа созылған жаңбыр мен нөсер 27 қыркүйекте Таиландтың бүкіл аумағында жалғасады.
-
Пәкістанда полиция бекетінің жанындағы терактіден 12 адам қаза тауып, 30 адам жараланды
Қаза тапқандар мен жараланғандардың басым бөлігі қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері, сондай-ақ бейбіт тұрғындар да зардап шеккен.
-
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын Фарер аралдарымен тең ойыннан бастады
Турнир ережесіне сәйкес, топ жеңімпазы В дивизионына көтеріледі.
-
Азиада-2026: Қазақстан жетінші күнді бес қола медальмен аяқтады
Жетінші күннің қорытындысы бойынша Қазақстан медальдар кестесінде 4-орыннан 5-орынға түсті.
-
ІІМ 2022 жылғы қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған қаруларды анықтау жұмыстарын жалғастыруда
Ішкі істер министрлігі жұмысының басым бағыттарының бірі – қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы күрес
Наверх