Саясаттанушы Әділ Сейфуллин Мемлекеттік күзет қызметінің офицерлерін ең күрделі бағыттарға тағайындау қалыптасқан тәжірибеге айналып келе жатқанын атап өтті.
Оның пікірінше, Мемлекет басшысы мен елдің жоғары лауазымды тұлғалары өз өмірін сеніп тапсыратын адамдар бұған дейін де өздерінің біліктілігін іс жүзінде талай рет дәлелдеген.
Әділ Сейфуллин Ермек Сағымбаевтың Қаңтар оқиғасынан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетіне барғанын атап өтті. Саясаттанушының айтуынша, арада бес жылға жуық уақыт өткен соң, жабық әрі кландық сипаттың белгілері бар арнайы қызметтен Ұлттық қауіпсіздік комитеті озық әрі тек заңға негізделген арнайы органға айналды.
Ермек Сағымбаев Қаңтардан кейін ҰҚК-ні «ретке келтіру» үшін аттанды. Арада бес жылға жуық уақыт өткен соң, жабық әрі кландық сипаттың белгілері бар арнайы қызметтен Комитет озық әрі тек заңға негізделген арнайы органға айналды деп нық айтуға болады, – деді ол.
Саясаттанушы сондай-ақ Шыңғыс Әріновтың Төтенше жағдайлар министрлігіндегі қызметіне тоқталды. Оның сөзінше, ведомство ұзақ жылдар бойы тоқырау мен құлдыраудан кейін жаңарып, заманауи әрі жедел әрекет ететін құрылымға айналған.
Төтенше жағдайлар министрлігі ұзақ жылдар бойы тоқырау мен құлдыраудан кейін «күлден қайта түлеп», заманауи әрі жедел әрекет ететін ведомствоға айналды. Онда қызмет ету қайтадан мәртебелі іс болды, – деді Әділ Сейфуллин.
Оның айтуынша, енді Шыңғыс Аринов проблемалы Алматы облысына бағытталып, онда Alatau City секілді ауқымды жобаны дамыту міндеті тұр.
Саясаттанушы жаңа Қорғаныс министрінің тағайындалуын да осы үрдістің жалғасы ретінде бағалайды. Оның пікірінше, мінсіз беделге ие офицердің министр қызметіне келуі Президенттің меритократия қағидатына бейілділігін тағы бір мәрте көрсетеді.
Әділ Сейфуллин өз пікірін «Құзыреттілік + Патриотизм = Нәтиже» деген формуламен түйіндеді.