Якутиядағы Эльгин көмір кен орнында жарылыс болып, төрт жұмысшы қаза тапты.
Тергеу комитетінің мәліметінше, шамамен сағат 11:20-да резервтік сорғы станциясында дәнекерлеу жұмыстары кезінде өрт шыққан. Жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Эльга» компаниясының мәлімдеуінше, оқиға негізгі өндірістік кешеннен едәуір қашықта орналасқан мердігер ұйымның нысанында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жарылысқа су сақтайтын резервуардың герметикалығының бұзылуы себеп болуы мүмкін. БАҚ мәліметінше, тағы екі адам зардап шеккен.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Эльгин кен орны Ресейдегі кокс көмірінің ең ірі кен орны болып саналады. Оның қоры 2,2 млрд тоннадан асады.