Тоқаев әскери борышын өтеу кезінде ерлік көрсеткен сарбаздарды марапаттады

Үш әскери қызметші «Ерлігі үшін» медаліне ие болды.

 ©BAQ.KZ архиві 27 Қыркүйек 2026, 13:00
27 Қыркүйек 2026, 13:00
163
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

  • Қуандық Бекет Бақтыбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы); 
  • Темірхан Ақжол Тимурұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы); 
  • Удалов Никита Александрович – 29011 әскери бөлімінің маманы (санитариялық нұсқаушысы)

Еске салайық, бұған дейін Каспийдегі оқу-жаттығуда қаза тапқан әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар берілген болатын.

Наверх