Бокстан әлем чемпионы Айбек Оралбай Азия ойындарының жартылай финалына шықты

Қазақстандық боксшы ширек финалда қырғызстандық Мырзакир Қошалиевті жеңіп, кемінде қола медальді қамтамасыз етті.

 ҚР ҰОК/Тұрар Қазанғапов 27 Қыркүйек 2026, 19:07
27 Қыркүйек 2026, 19:07
106
Фото: ҚР ҰОК/Тұрар Қазанғапов

Айбек Оралбай 2026 жылғы Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстанның бокс құрамасынан бірінші болып жартылай финалға шықты.

Спортшы 90 келіден жоғары салмақта өнер көрсетеді. Ширек финалда Оралбай қырғызстандық Мырзакир Қошалиевпен шаршы алаңда кездесті.

Жекпе-жек үш раундқа созылды. Алғашқы екі раундта барлық төрешінің есеп картасы бойынша қазақстандық боксшы басым түсті. Үшінші раундта төрешілердің пікірі әртүрлі болды. Соған қарамастан, қорытынды шешім бойынша Оралбай төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасының капитаны жартылай финалда үндістандық Нарендермен кездеседі. Осылайша Оралбай Азия ойындарындағы мансабындағы алғашқы медалін қамтамасыз етті – кемінде қола жүлде иеленеді.

Өткен жылы ол World Boxing нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанған болатын.

 
 
 
Наверх