Еліміздің алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – жерге жақын атмосфера қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі.

 pixabay 27 Қыркүйек 2026, 06:45
27 Қыркүйек 2026, 06:45
136
Фото: pixabay

27 қыркүйекте Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

27 қыркүйекте Алматы қаласында, ал түнде Өскемен, Риддер, Ақтөбе, Атырау және Петропавл қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – жерге жақын атмосфера қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. Бұл адам денсаулығына әсер етуі ықтимал.

Ластану деңгейінің қалыптасуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайдың (жел, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы, температура) болжамы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде:

  • ашық ауада, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздеріне жақын жерде болу уақытын қысқарту қажет. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады;
  • өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек;
  • ашық ауадағы физикалық жүктемені шектеу қажет. Дене шынықтыру және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысқан жөн.
Наверх