Трамп Иранның бітім туралы ұсынысын қабылдамады

Тегеран Ормуз бұғазын ашып, жеті күнге әскери қимылдарды тоқтатуды ұсынған.

 AP Photo/Evan Vucci 27 Қыркүйек 2026, 12:48
27 Қыркүйек 2026, 12:48
110
Фото: AP Photo/Evan Vucci

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның бір апталық бітім туралы ұсынысын жария түрде қабылдамады. Алайда Вашингтон Тегеранға түпкілікті жауапты әлі жолдамаған.

РБК мәліметінше, Дональд Трамп Иранның жеті күнге әскери қимылдарды тоқтатып, Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын қайта жандандыру жөніндегі жоспарын қабылдамағанын растады.

Мен олардың келісімін қабылдамаймын. Олар Ормуз бұғазын дереу ашатын келісім жасағысы келеді, өйткені олар ойсырата жеңіліп жатыр. (...) Олар келісім жасағысы келеді. Мен де келісім жасағанды ұнатамын. Бірақ бұл келісімге жол беруге болмайды, – деді АҚШ көшбасшысы Ақ үйдің оңтүстік көгалында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Еске салайық, бұған дейін Иран АҚШ-тың Ормуз бұғазына қатысты жеті күндік жоспар бойынша шешімін күтетінін мәлімдеген болатын.

Наверх