Алматы хайуанаттар бағында екі марал төлі дүниеге келді

Хайуанаттар бағындағы маралдар отбасы биыл бірден екі төлмен толықты.

 Алматы қаласының әкімдігі 27 Қыркүйек 2026, 21:23
27 Қыркүйек 2026, 21:23
152
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алғашқы марал төлі 7 маусымда дүниеге келіп, оған Маралтай деген ат қойылды. Екіншісі 10 қыркүйекте туып, Мұқан деп аталды.

Екі төлдің де жағдайы жақсы. Олар енелерінің жанында өсіп, біртіндеп қоршаған ортаны танып-білуге бейімделіп келеді. Мамандар олардың денсаулығын, дамуы мен тамақтануын күн сайын бақылауда.

«Марал төлдерінің дүниеге келуі – ұжымымыз үшін үлкен қуаныш. Мамандардың басты міндеті – әрқайсысының дені сау болып өсуін және қажетті жағдайдың жасалуын қамтамасыз ету», – деді Алматы хайуанаттар бағы тұяқты жануарлар бөлімінің жетекшісі Нұртай Сәрсенбаев.

Наверх