Маңғыстауда ер адам шатқалға құлап кетті

Ер адам медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.

 Скриншот 27 Қыркүйек 2026, 23:55
27 Қыркүйек 2026, 23:55
185
Фото: Скриншот

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында ер адам шатқалға құлап, өздігінен шыға алмай қалған. Оқиға Ақтаудан шамамен 65 шақырым жерде орналасқан Тілді сай шатқалында болды.

ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар жетуі қиын жерге құлаған ер адамды арнайы зембілге салып, белдіктермен бекіткен. Рельефтің күрделілігіне байланысты оны тар жартас өткелі арқылы алып шығуға тура келген.

Құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін ер адам дәрігерлерге тапсырылып, әрі қарай тексеру және медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.

Оның алған жарақаттары туралы әзірге ақпарат жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындар мен туристерді таулы және жетуі қиын жерлерге барғанда қауіпсіздік талаптарын сақтауға, маршруттың күрделілігін алдын ала бағалауға және қауіпті учаскелерге жақындамауға шақырды.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (@112kz_)

Наверх