Шанхайда өткен WorldSkills 2026 әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сегіз марапатқа ие болды. Нәтижесінде ел қоржынында бір қола медаль, алты кәсіби шеберлік медалі және «Best of Nation» марапаты бар.
«Ұшқышсыз авиациялық жүйелер» құзыреттілігі бойынша Руслан Нестеренко қола жүлдегер атанды. Бұл бағыт әлем чемпионатының бағдарламасына алғаш рет енгізіліп отыр.
Кәсіби шеберлігі үшін медальдарды Ағыбай Мұхаметжан («Веб-технологиялар»), Нодирбек Рустамханов («Сантехника және жылыту»), Вадим Витковский («Дәнекерлеу технологиялары»), Дарья Мельник («Өнеркәсіптік дизайн»), Бағыжан Қойшыбаев («Графикалық дизайн») иеленді. Ал «Мехатроника» құзыреттілігі бойынша Рамазан Нұрлан мен Денис Панин команда болып марапатталды.
«Цифрлық интерактивті медиа дизайны» құзыреттілігі бойынша сынға түскен Камила Алиева «Best of Nation» марапатына ие болды.
Биылғы әлем чемпионатында Қазақстан атынан 31 құзыреттілік бойынша 33 колледж студенті қатысты. Олардың қатарында жұмысшы мамандықтарымен бірге инженерлік, цифрлық және шығармашылық бағыттардың өкілдері бар.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшы мамандықтарын дамыту мен білікті кадрлар даярлауға ерекше көңіл бөліп келеді. Президенттің бастамасымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланып, техникалық және кәсіптік білім беру саласын қолдауға бағытталған бірқатар шара жүзеге асырылуда.