27 қыркүйекте Алматыда 60-тан астам елден 16 мың қатысушыны жинаған 15-ші мерейтойлық Almaty Marathon өтті. Марафонды ұйымдастыратын «Бірінші болуға батылдық» корпоративтік қорының іс-шараларында қалдықтарды бөлек жинау 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.
Қайта өңдеуге жарамды қалдықтар іс-шараның бірнеше кезеңінде – старттық жиынтықтарды тарату кезінде, марафон бағытының бойында және мәреге жету аймағында жиналды.
2026 жылдың басынан бері қор ұйымдастыратын іс-шараларда PET 1 пластиктен жасалған стақандар қолданылады. Бұған дейін пайдаланылған стақандардан айырмашылығы, оларды бөлек жинап, қайта өңдеуге жіберуге болады.
Марафон кезінде волонтерлер пластик бөтелкелер мен стақандарды жинады. Одан кейін қайта өңдеуге жарамды қалдықтар сұрыпталып, өлшенді. Дайындалған шикізат кейін қайта өңдеуге жіберіледі.
Қалдықтарды бөлек жинау процесінің іс жүзінде қалай ұйымдастырылатыны марафоннан түсірілген видеода көрсетілді.