Все новости за 9 тамыз 2026
-
-
Шарын шатқалында құтқарушылар Үндістан азаматшасына көмек көрсетті
Құтқарушылар оған алғашқы көмек көрсетіп, қауіпсіз жерге жеткізді.
-
Республикалық жолдардағы жол апаттары 9%-ға азайды – «ҚазАвтоЖол»
Компания жол қауіпсіздігі мәселесін нақты статистика мен әрбір жол апатының себептерін талдау негізінде бағалау қажет екенін атап өтті.
-
СҚО-да 15 гектар аумақтағы дала өрті сөндірілді
Елді мекендер мен орман алқаптарына қауіп төнген жоқ.
-
Той кортежіндегі заңбұзушылық: Жезқазғанда 6 адам жауапқа тартылды
Сонымен қатар екі көлік арнайы айыптұраққа қойылды.
-
Қарағандыда үш қабатты ғимараттағы саунадан өрт шықты
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
-
Бір аптада Қазақстанда 47 орман өрті тіркелді
Мамандар тұрғындарды табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
-
Нигерде екі жолаушылар автобусы соқтығысып, 21 адам көз жұмды
Екі жолаушылар автобусының соқтығысуы салдарынан кемінде 21 адам қаза тауып, тағы 37 адам жарақат алды.
-
Атырауда тұрғындар күдіктінің ұсталуын адам ұрлау әрекеті деп ойлап қалған
Полиция әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды.
-
Иранда белгісіз адамдар кофеханада оқ жаудырды: екі адам қаза тапты
Шабуылдан кейін күдіктілер көлікпен оқиға орнынан қашып кеткен.
-
Испанияда отшашу фестивалінде 27 адам зардап шекті
Оқиғаға пиротехникалық жабдықтың ақауы себеп болған.
-
Қазақстан мектептерінде балаларды медициналық тексеру тәртібі өзгереді
Оқушыларды профилактикалық тексеруден өткізу жүйесіне өзгерістер енгізіліп, олардың денсаулығын бақылауға қойылатын талаптар жаңартылады.
-
«Құрылтайға жол»: танымал қазақстандық ультрамарафоншы алдағы сайлауда дауыс беру үшін 1300 шақырымды еңсермек
Қазақстандық ультрамарафоншы Меңдібай Әлімғазинов 23 тамызда Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауына қатысу үшін Астанадан Алматыға дейінгі 1300 шақырымды еңсермек. Ол «Құрылтайға жол» бастамасы арқылы қазақстандықтарға тарихи дауыс берудің маңызын еске салуды көздейді. Сайлау нәтижесінде елдің жа
-
Блогер Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігін алғаш рет далада көрсетті
Мемлекет басшысының сәйгүлігі түсірілген видео әлеуметтік желі қолданушыларының ерекше қызығушылығын тудырды.
-
ДСМ Алматы облысындағы психиатриялық ауруханадағы тексеріске қатысты мәлімдеме жасады
Ведомство психоневрологиялық орталықта жүргізілген тексерудің қорытындысы бойынша анықталған жайттарға қатысты түсініктеме берді.
-
Қырғызстан тауларында жоғалған альпинистердің шатыры табылды
Алайда шатырдың ішінен туристер табылмады. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
-
Қазақстанда әлеуметтік желідегі зиянды контентке бақылау күшейтіледі
Жұрт назарын аударуға ұмтылу заңды немесе өзге адамдардың құқықтарын бұзатын әрекеттерге ақтау бола алмайды.
-
Ақтауда тоғызыншы қабаттан құлаған әйел көз жұмды
Оқиға Ақтаудағы 4-шағынауданда болған. Полиция қылмыстық іс қозғап, қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.
-
Қазақстанда құрылыс қарқын алды: Жарты жылда 4 трлн теңгеден астам жұмыс атқарылды
Елімізде құрылыс саласы экономиканың негізгі секторларының бірі болып отыр. Жарты жылда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 4 трлн теңгеден асты.
-
Қазақстандық триатлоншылар Азия кубогінде төрт медаль жеңіп алды
Түркістанда өтіп жатқан Азия кубогінде Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы төрт жүлдеге қол жеткізді.
-
Ақмола облысында бір тәулікте 100 гектарға жуық жер өртенді
Өткен тәулікте Біржан сал, Жақсы, Ақкөл және Егіндікөл аудандарында құрғақ шөп өртеніп, тілсіз жау жалпы 100 гектарға жуық аумақты шарпыды.
-
Маңғыстауда мұнай кен орнында резервуарды тазалау кезінде өрт шықты
Құлжан кен орнындағы «Мұнай тапсыру пункті» нысанында резервуарды тазалау жұмыстары кезінде жергілікті өрт шықты.
-
Иран Ормуз бұғазын ашу үшін АҚШ-қа қатаң талап қойды
Тегеран Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қалпына келтіру АҚШ-тың Иран қойған шарттарды қабылдауына байланысты екенін мәлімдеді.
-
Қытайдағы алау мерекесінде 16 адам күйіп қалды
Мерекелік шара кезінде бірнеше адамның үстіндегі киімге от тиіп, оқиға видеоға түсіп қалды.
-
9 тамызға арналған валюта бағамы жарияланды
Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің 9 тамыздағы орташа сатып алу және сату бағамдары жарияланды.
-
Индонезияда ірі орман өрті шықты: ұлттық парк жабылды
Өрт шамамен 176 гектар аумақты шарпыған. Осыған байланысты билік ұлттық паркті келушілер үшін уақытша жапты.
-
Мыңнан астам алматылық Абай әндерін ашық аспан астында бірге шырқады
Абай күні қарсаңында Алматыда өткен мәдени кеште «Алғашқы кітап» деректі фильмі көрсетіліп, музыкалық-поэзиялық бағдарлама ұйымдастырылды.
-
Алан Құрманғалиев АҚШ-та өткен халықаралық турнирде алтын алды
Қазақстандық үстел теннисшісі Алан Құрманғалиев АҚШ-та өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.
-
Тоқаев Сингапур президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Сингапур арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық алдағы уақытта да дами беретініне сенім білдірді.
-
АҚШ Украинаға ай сайын зымыран беруге келісті: Зеленский не айтты?
Украина президентінің айтуынша, АҚШ-пен Patriot әуе қорғаныс жүйелеріне арналған зымырандарды ай сайын жеткізу жөнінде уағдаластық бар. Алайда Зеленский бұл көлем жеткіліксіз екенін мәлімдеді.
-
Құрылысшы болғыңыз келе ме: Қазақстанда бұл мамандықты қайда оқып, мансапты неден бастауға болады
Болашақ мамандар үшін оқу бағыттары, біліктілік талаптары мен құрылыс саласындағы мансап жолын қарастырдық.
-
Елордадан Арқалыққа Starlink арқылы тегін интернеті бар пойыз қатынай бастады
Арқалық бағыты бойынша жаңа пойыз іске қосылды. Оның басты ерекшелігі – жолаушыларға бүкіл жол бойы Starlink спутниктік интернеті тегін ұсынылады.
-
OpenAI жаңа AI моделінің қауіпсіздігін күшейтті: Astra сынақта күтілгеннен жоғары нәтиже көрсетті
OpenAI Astra қолданылатын агенттік жүйелердің барлығына қауіпті әрекеттер мен ықтимал сәйкессіз мінез-құлықты бақылауға арналған мониторинг енгізген.
-
Астана мен тағы үш қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді факторлардың үйлесуі.
-
Құрылысшы болу үшін диплом керек пе? Қазақстан еңбек адамының қадірін қайта бағалап жатыр
Елімізде тамыздың екінші жексенбісі – Құрылысшылар күні.
-
Иран Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы: АҚШ ұстанымын өзгертпейінше, Ормуз бұғазы ашылмайды
Иран билігінің мәлімдеуінше, АҚШ өз міндеттемелерін орындамай, ел аумағына әуе соққыларын қайта бастаған. Бұған жауап ретінде Тегеран Ормуз бұғазындағы шектеулерді қайта күшейткен.
-
БАӘ-нің БРИКС елдерімен сауда айналымы $312 млрд-тан асты
БРИКС елдерінің БАӘ-нің мұнайсыз экспортына қосқан үлесі 23%, ал реэкспорттағы үлесі 28% болды.
-
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан қорғаныс туралы келісімге қол қойды
Үш елдің бірлескен мәлімдемесінде «Мекке бірлескен қорғаныс келісімі» кез келген агрессияға қарсы ұжымдық тежеу мүмкіндігін күшейтуге бағытталғаны айтылған.
-
Орталық Азия елдері Сырдария бассейніндегі су есебін автоматтандыруға келісті
Жаңа жүйе су ресурстарын бөлудегі ашықтықты арттырып, өңірлік ынтымақтастықты күшейтуге және су ресурстарын тұрақты пайдалануға мүмкіндік береді.
-
Қара теңіздегі кеме қатынасына қауіп: Түркия сауда кемелерінің қозғалысына шектеу қойды
Басылымның мәліметінше, Түркияның Жағалау қауіпсіздігі жөніндегі бас басқармасы Новороссийск портына бағыт алған бірнеше кемеге транзиттік рұқсат бермеген.
-
Қазақстан Firebird AI компаниясының негізгі нарығына айналды: Екібастұзда 125 МВт-тық AI-инфрақұрылым салынып жатыр
Жоба Қазақстан Үкіметінің қажетті келісімдерін, сондай-ақ АҚШ Сауда министрлігінің Өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросынан (BIS) тиісті технологияларды жеткізуге қажетті экспорттық рұқсат алды.
-
Мемлекеттік органдар атынан жалған ақпарат тарауда: қазақстандықтарға ескерту жасалды
Әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдар мен ОСК өкілдерінің атынан жалған мәлімдемелер мен бейнематериалдар тарап жатыр. Азаматтарға ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеру ұсынылды
Наверх