Өңірдің көлік қолжетімділігін арттыру мақсатында «Жолаушылар тасымалы» компаниясы №225/226 пойызын тұрақты бағытқа қосты. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Жаңа пойыз 2025 жылы шығарылған заманауи вагондардан жасақталған. Құрамда купе және плацкарт вагондары бар. Жалпы сыйымдылығы 250-ден астам жолаушыға арналған.
Вагондар кондиционер жүйесімен, заманауи қауіпсіздік құралдарымен, жеке жарықтандырумен, сондай-ақ гаджеттерді қуаттауға арналған розеткалар мен USB порттарымен жабдықталған.
Пойызда Starlink интернеті бар
Жаңа бағыттың басты ерекшелігі – Starlink технологиясы негізіндегі спутниктік интернеттің іске қосылуы.
Бастапқы кезеңде интернет қызметі жолаушыларға бүкіл сапар бойы тегін ұсынылады. Оның көмегімен мессенджерлерді, әлеуметтік желілерді және жұмысқа арналған онлайн платформаларды пайдалануға болады.
Билеттерді ҚТЖ-ның ресми сайтынан және теміржол кассаларынан сатып алуға болады.