Ақмола облысында бір тәулікте 100 гектарға жуық жер өртенді

Өткен тәулікте Біржан сал, Жақсы, Ақкөл және Егіндікөл аудандарында құрғақ шөп өртеніп, тілсіз жау жалпы 100 гектарға жуық аумақты шарпыды.

 Ақмола облыстық ТЖД 9 Тамыз 2026, 14:13
9 Тамыз 2026, 14:13
96
Фото: Ақмола облыстық ТЖД

Ақмола облысында өткен тәулікте құрғақ шөп өртенген бірнеше жағдай тіркелді. Өрт ошақтарының барлығы толық сөндіріліп, елді мекендерге қауіп төнген жоқ.

Барлық өрт ошағы сөндірілді. Елді мекендерге қауіп төнуіне жол берілген жоқ. Өрт шарпыған жалпы аумақ 98 гектардан асты, – деп мәлімдеді облыстық ТЖД.

Ведомствоның алдын ала мәліметінше, өрттің шығуына тұрғындардың отпен абайсыз әрекет етуі себеп болған.

Ақмола облысының ТЖД өңір тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Наверх