Шарын шатқалында құтқарушылар Үндістан азаматшасына көмек көрсетті

Құтқарушылар оған алғашқы көмек көрсетіп, қауіпсіз жерге жеткізді.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 9 Тамыз 2026, 23:56
9 Тамыз 2026, 23:56
172
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Бүгін Шарын шатқалында патрульдеу жұмыстары барысында құтқарушылар 1965 жылы туған Үндістан азаматшасына көмек көрсетті.

Туристің басы айналып, тепе-теңдігін жоғалтып, құлап қалған. Құтқарушылар оған алғашқы көмек көрсетіп, қауіпсіз жерге жеткізді.

Туристік маусым кезінде құтқарушылар өңірдегі танымал туристік орындарда тұрақты кезекшілік атқарып, демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда оларға жедел көмек көрсетіледі.

Наверх