Блогер Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігін алғаш рет далада көрсетті

Мемлекет басшысының сәйгүлігі түсірілген видео әлеуметтік желі қолданушыларының ерекше қызығушылығын тудырды.

 видеодан скриншот 9 Тамыз 2026, 17:52
9 Тамыз 2026, 17:52
96
Фото: видеодан скриншот

Қазақстандық блогер, әлеуметтік желіде ByDastann есімімен танымал Дастан Мұхамедрахим Ақжан есімді ахалтеке тұқымды сәйгүліктің видеосын жариялады. Блогер оны Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі деп атады. Видео далада түсірілген.

Блогердің айтуынша, оған Мемлекет басшысының сәйгүлігін дала төсінде алғаш рет видеоға түсіру мүмкіндігі туған.

Ақжан –  Ұлы даланың қанатты тұлпары. Президентіміздің сүйікті арғымағы. Ғажап! – деп жазды Дастан Мұхамедрахим.

Ақжан – әлемдегі ең көне жылқы тұқымдарының бірі саналатын ахалтеке тұқымына жатады. Бұл тұқым төзімділігімен және ерекше сыртқы келбетімен танымал.

Бұған дейін хабарланғандай, 2025 жылы ақ түсті биеден құлын туған. Оған Ақжан деген есімді Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қойған.

 
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dastan Mukhamedrakhim (@bydastann)

Наверх