Иран Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы: АҚШ ұстанымын өзгертпейінше, Ормуз бұғазы ашылмайды

Иран билігінің мәлімдеуінше, АҚШ өз міндеттемелерін орындамай, ел аумағына әуе соққыларын қайта бастаған. Бұған жауап ретінде Тегеран Ормуз бұғазындағы шектеулерді қайта күшейткен.

 Press TV 9 Тамыз 2026, 07:10
9 Тамыз 2026, 07:10
141
Фото: Press TV

Иран АҚШ Тегеранға қатысты ұстанымын түбегейлі өзгертпейінше, Ормуз бұғазы арқылы транзитке қойылған шектеулерді жеңілдетпейді. Бұл туралы Иран Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Мохаммад Бакер Золкадр мәлімдеді.

Бұл туралы Press TV арнасы хабарлады.

Золкадрдың айтуынша, Иранның АҚШ-қа қатысты саясаты ел халқының құқықтарына нұқсан келтіретін кез келген жеңілдіктен бас тартуға негізделген.

Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесі соғыста да, келіссөздерде де ешқашан шегінбейді, – деді ол.

Иран тарапының мәлімдеуінше, Ормуз бұғазын толық ашу үшін АҚШ орындауы тиіс алты негізгі шарт бар. Олардың қатарында:

  • Иран халқына қатысты қорқыту мен қорлаудан бас тарту;
  • Иранға және оның өңірдегі одақтастарына қарсы агрессияны тоқтату;
  • теңіз блокадасы мен Иранға салынған санкцияларды алып тастау;
  • бұғатталған активтерді қайтару;
  • әскери агрессия салдарынан келтірілген шығын үшін өтемақы төлеу.

Бұған дейін АҚШ пен Иран арасында жасалған меморандумға сәйкес, Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы бір ай ішінде қалыпты деңгейге оралуы тиіс болған.

Тегеран өз міндеттемелерін орындағанын айтып отыр. Иран тарапының мәліметінше, шектеулерді жеңілдету арқылы екі апта ішінде транзит көлемін қалыпты деңгейдің 60%-ына дейін жеткізген.

Алайда Иран билігінің мәлімдеуінше, АҚШ өз міндеттемелерін орындамай, ел аумағына әуе соққыларын қайта бастаған. Бұған жауап ретінде Тегеран Ормуз бұғазындағы шектеулерді қайта күшейткен.

Айта кетейік, Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы кемелердің өту бағытын келіскен болатын.  Бұл бастама бұғаздағы кеме қатынасын реттеуге бағытталған.

Наверх