Қазақстан мектептерінде балаларды медициналық тексеру тәртібі өзгереді

Оқушыларды профилактикалық тексеруден өткізу жүйесіне өзгерістер енгізіліп, олардың денсаулығын бақылауға қойылатын талаптар жаңартылады.

 ©BAQ.KZ архиві 9 Тамыз 2026, 18:52
9 Тамыз 2026, 18:52
181
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Қазақстанда мектеп оқушыларын медициналық тексеруден өткізу жүйесіне өзгерістер енгізіледі. Енді тексеру нәтижелері ақпараттық жүйелерде тіркеліп, алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МСАК) мамандарына баланың денсаулығындағы ықтимал қауіптерді ертерек анықтауға және қажетті тексерулерді дер кезінде тағайындауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Егер медициналық тексеру кезінде оқушының денсаулығына қатысты белгілі бір қауіп факторлары немесе көрсеткіштерінде өзгерістер анықталса, бұл ақпарат әрі қарай бақылау немесе медициналық көмек көрсету үшін тиісті мамандарға беріледі.

Жаңа модель профилактикалық бағытты күшейтуді көздейді. Негізгі міндет – денсаулықтағы ықтимал ауытқулар мен қауіп факторларын ерте кезеңде анықтау. Өйткені дәл осы уақытта дер кезінде қабылданған профилактикалық шаралар барынша тиімді нәтиже береді, – деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігі.

Мектеп медицина қызметкерлері әдеттегі медициналық тексерулермен қатар аурулардың алдын алумен, түсіндіру жұмыстарымен және салауатты өмір салтын насихаттаумен айналысады. Сондай-ақ оларға МСАК ұйымдарымен бірлескен жұмысты үйлестіру міндеті жүктеледі.

Ведомство балалардың салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастырып, профилактика мәдениетін дамытуға бағытталған «Саламатты мектеп» арнайы жобасын да әзірледі.

Жаңа модель мектеп медицинасын заманауи, цифрлық және профилактикаға бағытталған жүйеге айналдыруды көздейді. Бұл баланың денсаулығын белгілі бір сәтте ғана бағалап қоймай, оның жағдайындағы өзгерістерді уақыт өте келе бақылауға мүмкіндік береді, – деп қорытындылады министрлік.

Наверх