Қазақстандық триатлоншылар Азия кубогінде төрт медаль жеңіп алды

Түркістанда өтіп жатқан Азия кубогінде Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы төрт жүлдеге қол жеткізді.

 ҚР ҰОК 9 Тамыз 2026, 14:48
9 Тамыз 2026, 14:48
97
Фото: ҚР ҰОК

Түркістанда өтіп жатқан триатлоннан Азия кубогінде Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы төрт медаль иеленді.

Ерлер арасындағы бәсекеде қазақстандық Рамазан Айнегов топ жарды. Ол қашықтықты 21 минут 59 секундта бағындырып, алтын медаль жеңіп алды. Екінші орынға тағы бір қазақстандық Гор Депершмидт жайғасты. Оның нәтижесі – 22 минут 04 секунд. Ресейлік Илья Зотов 22 минут 12 секунд көрсеткішпен үшінші болды.

Қыздар арасында да алтын медаль Қазақстан құрамасына бұйырды. Алуа Нұрмұхамет мәреге 25 минут 26 секундта жетіп, жарыс жеңімпазы атанды.

Күміс жүлдені қазақстандық Калерия Шнайдер иеленді. Ол қашықтықты 25 минут 48 секундта аяқтады. Ал ресейлік Алёна Лопатина 25 минут 50 секунд нәтижемен қола медаль алды.

Осылайша, Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Азия кубогінде екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алды.

Наверх