Все новости за 19 мамыр 2022
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қазақ-орыс халықаралық университетінде заң бұзушылықтар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбедегі Қазақ-орыс халықаралық университетінің жұмысында өрескел заң бұзушылықтар анықталды.
-
Шалғай аудандарда да референдумға дайындық қарқынды жүріп жатыр
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің жаңа даму жолдарын белгілеп, алға өрлейтін мүмкіндіктерді кеңінен ашатын конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың наурыз айында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылғандай, саяси реформалар бағдарламасын жүзеге асыру үшін қолға алынған ең маңызды іс-шаралар тізбегі болып тарихқа енбек.
-
Сергей Жалыбин: Конституциядағы түзетулер депутаттардың пәрменімен өзгеріп келді
Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қостанайда қысы-жазы жел өтінде жүріп, нәпақасын жер анадан тауып отырған диқандар қауымы референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штаб өкілдерімен кездесті.
-
Арнайы штаб Шымкент тұрғындарымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. AMANAT партиясы жанынан құрылған арнайы штаб Шымкент қаласында «Сайрам» тұрғын үй алабы халқымен елдегі саяси трансформация және референдум тақырыбында кездесу өткізді.
-
ЕҰУ-да «Ежелгі және ерте ортағасырлық түркілердің этномәдени сабақтастығы» атты халықаралық конференция өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Еуразия ұлттық университетінде ежелгі түркі жазуы күні аясында «Ежелгі және ерте орта ғасырлардағы түркілердің этномәдени сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференцияға отандық түрколог ғалымдар мен Түркия, Ресей, Корея және Монғолия сарапшылары қатысты. Сондай-ақ, іс-шара белгілі түрколог, ЕҰУ Түркология және алтайтану ғылыми-зерттеу институтының директоры Қаржаубай Сартқожаұлының 75-жылдығына арналды.
-
Түркістандық дәрігерлер сәбиді аман алып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Түркістан облысындағы неонатологтар мен балалар хирургтары жаңа туған нәрестені құтқарды. Кішкентай Рамазанға екі күн бойы құтқару операциясы жасалды,- деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Алматыда Конституциялық реформалар бойынша республикалық конференция өтті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығының мүшелері Философия, саясаттану және дінтану институтының ғалымдарымен бірлесіп «Жаңа Қазақстан: Конституциялық реформалар және әлеуметтік даму моделін трансформациялау» тақырыбы негізінде республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
-
Конституцияға өзгертулер енгізу халықтың тікелей таңдауымен жасалады - мәжілісмен
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаты, республикалық штаб мүшесі Мейрамбек Төлепберген бірқатар нысандарды аралап, халықпен кездесулер өткізді.
-
«Halyk Bank» жеңілдетілген автонесие бойынша өтінімдерді қабылдауды бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 мамырдан бастап жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша азаматтар тарапынан түскен өтінімдерді «Еуразиялық банк», «Банк Центр Кредит» және «Halyk Bank» қабылдауда, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Ауыл мектебінің оқушылары халықаралық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. С.Ластаев мектебінің оқушылары (Катонқарағай ауылы) Алматы қаласында өткен шығармашылық фольклорлық ансамбльдердің халықаралық байқауында бас жүлдені жеңіп алды.
-
Бауыржан Оразғалиев Тоқаевпен кездесуде қандай мәселе көтерілгенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесті. «Атамекен» ҰКП аппарат басшысы Бауыржан Оразғалиевтің айтуынша, кездесуде бірқатар өзекті мәселе талқыланды.
-
Қарағандыда дезинсекция жұмыстары жүргізілуде
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Қарағандының екі ауданында «GioTraid» ЖШС мердігер ұйымы зиянкестермен күресу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
-
Түркістанда алғаш рет мектепке күннен қуат алатын электр қондырғысы орнатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласындағы Ж.Тәшенов атындағы №23 IT лицейіне қуаттылығы 50 киловатқа тең күн электр станциясы орнатылды. Бүгін аталған жобаның ашылу салтанаты өтті.
-
Кәсіпкерлер Президенттен бизнесті тексеру мораторийін тағы бір жылға ұзартуды сұрады-ҰКП
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Бұл кездесу туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров пікір білдірді.
-
Қырғызстанда 111 жекеменшік клиника жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанда лицензиялық талаптарды орындамаған 111 жекеменшік клиника жабылады, делінген Қырғызстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдемесінде. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
-
Елорданың полицейлері ата-аналарға балалардың жүрген жерін бақылауды ескертеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті ювеналды полиция қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз және тұрғын үйден тыс жерлерде болуына жол бермеу мақсатында елорда аумағында профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменінің баспасөзі.
-
Қай елдердің азаматтары елімізде кәсіпкерлікпен айналыса алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь, Армения елдерінің азаматтары елімізде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра алады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
-
Нұр-Сұлтанда велошеру өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 21 мамыр күні веломаусымның ашылуына және балалар жылына орай жаппай веложарыс өтеді. Оған қатысуға қаланың барлық тұрғындары мен қонақтары шақырылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
-
Жолдарды жөндеу: Қабанбай батыр және Жеңіс даңғылындағы учаскелер уақытша жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Қабанабай батыр және Жеңіс даңғылдарында жол төсемдерін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
-
Тоқаев Үкіметке салық саясатының тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада кәсіпкерлермен кездесу барысында айтты.
-
52-бапта не өзгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі түсіндірме жасайтын бап – 52-бап. Бұл бапта депутаттардың депуттатық мандаты қандай жағдайда тоқтатылатыны ашып көрсетілген.
-
Елімізде «крыша», «рейдерлік» дегендер болмауы керек – Тоқаев
Нұр-Сұлтан,BAQ.тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуі кезінде айтты.
-
Қазіргі дағдарыстан шығынсыз шығу керек – Президент
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада кәсіпкерлермен кездесу барысында айтты.
-
Бас прокуратура кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тергеуді қатаң қадағалауы керек - Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада кәсіпкерлермен кездесу барысында айтты.
-
Мемлекет басшысы: Кәсіпкерлеріміз мемлекет мүддесін жоғары қоя білуі керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесу кезінде айтты.
-
Референдумды қолдау штабының мүшелері азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Өскеменде референдумды қолдау жөніндегі облыстық қоғамдық штабтың мүшелері аудан-қалалардағы үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өткізді.
-
Нұржігітов: Әр ауылдық округтің өз даму жоспары болуы тиіс
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Т.Рысқұлов ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысанды аралады.
-
МӘМС. Биыл медициналық көмек көрсетуге 197,5 млрд теңге бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры елордалық филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді.
-
Қауіпсіздігі осал объектілер тексеріліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Нұр-Сұлтан қаласының аумағында террористік тұрғыдан осал 1 мыңнан астам объекті орналасқан.
-
Сенатор балабақша педагогтеріне еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарауды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс істейтін мамандардың 50%-ында мамандандырылған салалық білімі жоқ. Бұл туралы сенатор Динар Нөкетаева Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді.
-
Жастарға арналған «NS Жас жігер» кешенді жобасы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігі «Астана жастары» ЖРО-мен бірлесіп NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру және жан-жақты қолдау үшін «NS Жас жігер» жобасын бастады.
-
Елордада көктемгі экологиялық айлықтың қорытындысы шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада аумақты тазалау және ағаш отырғызу бойынша "Birge – taza Qazaqstan" көктемгі экологиялық айлығы аяқталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
-
Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездеседі, деп хабарлады БОРТ N1 телеграм-арнасы.
-
Қорғаныс министрлігінің алқа отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада өткен қорғаныс ведомствосының алқа отырысында ел Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларды орындау аясында есептік кезеңдегі қызметтің қорытындысы шығарылды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
-
Алматыдағы Абай даңғылы тағы ұзартылады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты.
-
Референдум - үлкен өзгерістердің бастауы
Ақтөбе облысы. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті ғимаратында референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстан: конституциялық реформалар» тақырыбында кездесу өтті.
-
Алматыда «Қалқаман» станциясының құрылысы басталды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуінде аудандағы көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша қандай шаралар іске асатыны жайлы баяндады.
-
Көптеген отбасы айлығын шайлығына әрең жеткізіп жүр – депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев Премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында азық-түлік бағасы рекордтық деңгейге жеткені туралы мәселе көтерді.
-
Ерлан Қошанов: Бізге жасандылықтан, бюрократия мен көзбояушылықтан арылған жөн
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. AMANAT партиясының төрағасы, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Семей қаласына жұмыс сапары барысында партия филиалына барып, аманаттықтармен кездесті. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
-
Батырхан Шүкеновтің 60 жылдығына орай өтетін концерттің орны ауысты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда 20 мамырда әнші Батырхан Шүкеновтің 60 жылдығына арналған «BATYR.GÜL ALMATY» концерті өтеді.
-
Депутат «Қазсушар» компаниясының қызметін сынға алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында сенатор Дүйсенғазы Мусин Үкімет басшысына сауал жолдады. Ол Шығыс Қазақстандағы «Қазсушар» компаниясының бөгеттері мен су қоймаларын қалпына келтіру жұмыстары негізсіз кешіктіріліп жатқанын айтты. Сөзінше, бұл жобаның қымбаттауына және шаруалардың шығынына әкеліп соқтырып жатыр.
-
Халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін саяси платформа керек – депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Динара Зәкиева AMANAT партиясының «Бір Толқында» пікірталас алаңында өткен жастармен кездесуде айтты.
-
Елде 2030 жылға дейін 35 аурухана бой көтереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық брифингте Денсаулық сақтау министрлігі Инвестициялық жобалар департаменті директорының міндетін атқарушы Әмина Жемакишева мәлімдеді.
-
Ақтауда оқушылар арасында дебат өтті
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілші. Ақтауда “Балалар жылына” және қазақтың ұлы жазушысы, Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай, оқушылар арасында алғаш рет дебат турнирі өтті. Жүлдегер атанған 10 оқушыға жазушының туған жері Семей қаласына экскурсияға жолдама берілді.
-
Бізге Президент туыстарының жоғары лауазымдарда отыруы норма болып келді – журналист
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы танымал журналист, блогер Динара Сәтжан AMANAT партиясының «Бір Толқында» пікірталас алаңында өткен жастарға Конституцияға өзгерістер енгізу туралы референдум өткізудің маңызын түсіндіру барысында айтты.
-
Депутат: Қаңтар оқиғасының түбінде жатқан жарасы – әділетсіздік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сенат депутаты Дана Нұржігіт AMANAT партиясының «Бір Толқында» пікірталас алаңында өткен жастарға Конституцияға өзгерістер енгізу туралы референдум өткізудің маңызын түсіндіру барысында айтты.
-
Сурдлимпиада ойындарында қола жүлдегер атанған елордалық спортшы елге оралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сурдлимпиада ойындарында қола жүлдегер атанған елордалық спортшы Владимир Нестеров елге оралды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
-
Реформа жүйені өзгерту үшін жасалады – Нұржігіт
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сенат депутаты Дана Нұржігіт AMANAT партиясының «Бір Толқында» пікірталас алаңында өткен жастарға Конституцияға өзгерістер енгізу туралы референдум өткізудің маңызын түсіндіру барысында айтты.
-
Әскери авиация бөлімі 30 жылдығын атап өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық ұланның елордалық жедел құрамасының мәдени орталығында 3656 әскери бөлімінің 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті,деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
-
Ерлан Қарин спортшыларды Сурдлимпиада ойындарындағы жетістігімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік хатшы Сурдлимпиада ойындарына қатысқан Ұлттық құрама мүшелеріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Билік қарапайым халық үшін – Берік Уәли
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Референдумды қолдау жөніндегі республикалық штабтың мүшесі ретінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Берік Оспанов, Берік Бекжанов, Фахриддин Қаратаев, Ғани Ташқараевпен бірге Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы Берік Уәли facebook-парақшасында жазды.
-
«Ауыл аманаты» жобасының негізгі міндеттері аталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ауыл аманаты» жобасы аясында партия жанындағы жобалық кеңсе арқылы жүзеге асырылады.
-
Жазғы сауықтыру лагеріне тегін жолдаманы қайдан алады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көпбалалы отбасы жазғы сауықтыру лагеріне тегін жолдаманы қайдан, қалай алу керек.
-
Курчатовта атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық семинар өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 18 мамырда Курчатов қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында АҚШ, Ресей, Жапония, Корея Республикасы, Еуропалық Одақ елдері және т.б. елдерден келген мамандардың қатысуымен «Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа – 30 жыл» атты халықаралық ғылыми-техникалық семинар өтті, деп хабарлайды энергетика министрлгі.
-
Тоқаев «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Ел бойынша ауыл халқына 22 млн гектар жер жетіспейді - Жұмағазиев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ел бойынша ауылдық жерлерде тұратын халыққа 22 млн гектар жер жетіспейді.
-
Адам өлтірді деп айыпталған күдікті тергеу изоляторында өзіне қол салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ИЧ-167/11 мекемесінде жатқан күдікті өзіне қол салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
-
Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау ісі қалай жүріп жатыр?
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ел тарихында ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргінді зерттеу мәселесінің өзектілігі күмән тудырмайды. Жыл сайын осы тақырыпты зерттеуде жаңа мұрағат материалдары жарияланады.
-
Алматылықтарға жіті ішек ауруларының алдын алу туралы айтылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жіті ішек аурулары денсаулық сақтау үшін үлкен проблема болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын әлемде 1-ден 1,2 миллиардқа дейін диарея аурулары тіркеледі, олардан 4 миллионға дейін адам қайтыс болады екен.
-
Медициналық сақтандыру жоқ: жүкті әйел тіркеуден бас тарта ала ма
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүкті әйелдер МӘМС-ке қатысты қандай сауалдарды жиі қояды.
-
Лифтіде болған оқиға: жәбірленуші, агрессор, ана және заң
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазнеттегі лифтіде өз әйелін соққыға жыққан ер азаматтың әрекеті қоғамның ашуын келтірген еді. Оқиға 27 наурызда елорда тұрғын үйлерінің бірінде болған.
-
Халықты ауылда қалдырудың жолдары қарастырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл тұрғындарының табысын арттыру бағдарламасы 2025 жылға дейін бағытталған.
-
Референдумнан кейін күзде парламент сайлауын өткізу керек – саясаттанушы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Саясаттанушы, экономист Петр Своик референдумнан кейін күзге қарай парламент сайлауын өткізген жөн дейді.
-
Касса аппараттарын қолдануға қатысты түсіндірме берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде бақылау-касса машиналарын қолдануға қатысты түсіндірме берді.
-
Суперпрезиденттік жүйенің соңы Қаңтар оқиғасына әкелді - саясаттанушы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы саясаттанушы, Қазақстан-Неміс университетінің профессоры Рустам Бурнашев Әлемдік экономика және саясат институты ұйымдастырған «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары: Қазақстанның саяси жүйесінің болашағы» атты дөңгелек үстел барысында айтты.
-
Жастар бостандықтың, сөз бостандығы мен демократияның не екенін жақсы біледі – эколог
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Astana IT University-де Экологиялық белсенділер мен конституциялық реформаларды түсіндіру және қолдау жөніндегі қалалық еріктілер штабының кездесуі өтті.
-
Елімізде 9 мыңға жуық кен орны бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ЭГТРМ Геология комитетінің төрағасы Талғат Сатиев мәлімдеді.
-
Айбек Досымбетов: Референдум елдің тарихи дамуына серпін береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Astana IT University-де Экологиялық белсенділер мен конституциялық реформаларды түсіндіру және қолдау жөніндегі қалалық еріктілер штабының кездесуі өтті.
-
Биылғы 4 айда салық түсімі былтырмен салыстырғанда 1,6 есеге көп
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы 4 айда Мемлекеттік бюджетке салық түсімі бойынша жоспар 110,1% орындалды. Бекітілген жоспар - 4 466,4 млрд теңге, ол 450,8 млрд теңгеге асыра орындалып, 4 917,2 млрд теңгеге жетті.
-
Мұндай жоба бұрын-соңды болмаған. Ауыл тұрғындарының табысын арттыратын бағдарлама таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған баспасөз мәслихатында «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев мәлімдеді.
-
Референдум жаңашылдыққа бастайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен 5 маусым күні өтетін жалпыхалықтық референдум негізінде Конституцияның 99 бабының 33-і өзгермек. Бұл дегеніміз Ата заңның үштен бір бөлігі жаңаратындығын айқындайды.
-
1 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған. Танктерге ескі қозғалтқыштар қойылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігінің ШҚО бойынша аумақтық департаменті «Семей машина жасау зауыты» АҚ лауазымды тұлғаларының 1 миллиард теңгеден астам қаржы ұрланғанын анықтады.
-
Алтын, мырыш, қорғасын. Елімізде жаңа кен орындарын ашуға мүмкіндік бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ЭГТРМ Геология комитетінің төрағасы Талғат Сатиев мәлімдеді.
-
Президент Мәулен Әшімбаевты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады.
-
Мемлекетте әділдік болса, тәртіп те, тұрақтылық та болады – Мәжіліс төрағасы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов референдумның мән-маңызын түсіндіру үшін жұмыс сапарымен Абай облысына барды. Алдымен Семей қаласында болып, өңір жұртшылығымен кездесті.
-
Еліміз құрылысшылары тоннель орнату бойынша германиялық тәжірибені меңгеріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде түрлі мақсаттағы тоннельдердің траншеясыз құрылыс тәсіліне сұраныс артып келеді.
-
Әмір Маймұратов құзға өрмелеуден әлем кубогіне қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық атлет спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогінің кезеңіне қатысады, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Елде 16 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 мамырдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 15 932 шетел азаматы еңбек етеді.
-
Конституцияға енгізілетін түзетулер туралы жалған ақпарат тарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Telegram-чаттарда 5 маусымда өтетін республикалық референдум барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасының барлық мүшесінің құқығына қол сұғылмауына кепілдік беретін және азаматтардың салығы есебінен Назарбаев отбасын өмір бойы асырауға мүмкіндік беретін түзетулер қабылданатыны туралы ақпарат тарады.
-
Жыл сайын елімізде 4,5 млн тонна қоқыс шығарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның экологиялық ұйымдарының менеджері Дамир Ауетаев StopMusor эко-кампаниясы аясында жастар мен елорда белсенділері үшін ұйымдастырылған ақпараттық-оқыту алаңында айтты.
-
Жастардың экологиялық сауатын арттыру маңызды – Соловьева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. StopMusor эко-кампаниясы аясында Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы жастар мен елорда белсенділері үшін ақпараттық-оқыту алаңын ұйымдастырды.
-
Дүниежүзілік гимназиадада еліміздің оқушылары 14 медаль жеңіп алды - Аймағамбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жеңіспаздарды құттықтады.
-
ТМД үкіметтері арасындағы салық саясатына қатысты келісім тоқтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында депутаттар «1992 жылғы 13 наурыздағы Салық саясатының келісілген принциптері туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер үкіметтері арасындағы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қабылдады.
-
Қостанайдағы «Музей түні»
Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. 18 мамыр ел аумағында халықаралық мұражай күні ретінде аталып өтіледі.
-
Ташкентте референдумның маңыздылығы талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 мамырда Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы елшілігінің бастамасымен «Bilim Karvoni» мемлекеттік емес ғылыми мекемесімен («Білім керуені») бірлесіп дөңгелек үстел өтті.
-
Қазақстан мен Қытай арасындағы радиациялық-қауіпті заттарды өткізбеуге қатысты заң қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы Ядролық материалдарды, радиоактивті материалдарды, радиоактивті қалдықтарды және радиациялық-қауіпті заттарды заңсыз өткізуді болғызбаудағы өзара іс-қимыл жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.
-
СІМ орынбасары Таиланд парламентарийлерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов Ғылым, технологиялар, зерттеулер және инновациялар комитетінің төрағасы Акарават Асвахем бастаған Таиландтың өкілдер палатасының мүшелерімен кездесті.
-
Қорғаныс министрлігі Ақтаудағы сарбазға қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметін атқарып жүрген сарбаздың психикасының бұзылуы жайлы әлеуметтік желілерге таралған ақпаратқа қатысты Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ресми ақпарат берді.
-
Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатының жалпы отырысында Жоғарғы сот судьясы Ерден Әріпов қызметінен босатылды.
-
Түрік компаниясы елімізде тері өңдеу зауытын салуға инвестиция құймақшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түріктің Iskefe Holding компаниясы Қазақстанда ІҚМ терісін өңдеуге және желатин өндіру зауытын салуға 27 млн АҚШ доллар инвестициялайды.
-
Қарағандыда «Музей түні-2022» шарасы өтті
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 18 мамыр күні Халықаралық музейлер күніне орай Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Ғасырға қадам-«MUSEUM-90» атты «Музей түні-2022» акциясы өтті.
-
Полицейлер қызылордалықтан синтетикалық есірткінің 50 дозасын тәркіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Көкшетау полицейлері қызылордалықтан синтетиканың 50 дозасын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Өскеменде 54 үй пайдалануға берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Өскемен қаласындағы 28 шағын ауданда 54 жобалық үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды Алтайньюс.
-
Израиль елге кірерде ПТР-тест тапсыру талабын алып тастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израильдің денсаулық сақтау министрлігі елге ұшар алдында ПТР тестінен өту туралы талаптың жойылғанын мәлім етті.
-
Биыл қала аумағында 1000 бейнебақылау орнатылады – Шымкент
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте 2021 жылы қала аумағында 3177 бейнебақылау камералары орнатылған. Ал биыл тағы 1000 камера орнату жоспарда бар. Бұл туралы otyrar.kz жазды.
-
Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 19 мамыр Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы қалыпты болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
-
Еліміздің мергендері Оңтүстік Кореяда әлем кубогіне қатысып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында садақ атудан әлем кубогінің ІІ кезеңі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
-
Швеция мен Финляндия НАТО-ға кіруге өтінім берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швеция мен Финляндия елшілері НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергке альянсқа қосылу туралы өтінімді тапсырды, деп хабарлады РИА Новости.
-
Мамандар елімізде жыл сайын 600 баладан қатерлі ісік анықталады дейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының мәліметі бойынша, соңғы жеті жылда бұл көрсеткіш өзгермеген. Бұл әлемдік статистикамен салыстырғанда төмен, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Қазақстандықтардың 15 миллион теңгесін қолды қылған екі павлодарлық ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтардың 15 млн теңгесіне қол сұққан павлодарлық екеу ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 15 млрд теңгесіне қол сұққан павлодарлық екеу ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Елде төрт айда 3,7 мыңға жуық жол апаты орын алып, 563 мың адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Статистикаға сәйкес, 2022 жылы төрт айда 3,7 мыңға жуық жол апаты орын алып, салдарынан 5,6 мың адам зардап шекті. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,9% өсім барын көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
-
Түркістанда Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласында ТМД елдері Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің 84-отырысы өтті. Биыл кеңестің құрылғанына 30 жыл толды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Наверх