Ел бойынша ауыл халқына 22 млн гектар жер жетіспейді - Жұмағазиев

19 Мамыр 2022, 14:41
1795
Бөлісу:
Ел бойынша ауыл халқына 22 млн гектар жер жетіспейді - Жұмағазиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Ел бойынша ауылдық жерлерде тұратын халыққа 22 млн гектар жер жетіспейді.

Бұл туралы  «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев мәлім етті.

Біздің бағдарламаның негізінде бұл мәселеге келіп тірелеміз. Мұны біз біліп отырмыз. Ел бойынша ауылдық жерлерде тұратын халыққа 22 млн гектар жер жетіспейді. Сол себепті бұған бей-жай қарауға болмайды. Бүгінде осы мәселе  ауыл тұрғындарының табысын арттыруға кедергі болып отыр. Сондықтан партия жанындағы экономикалық мәселе жөніндегі кеңесте осы мәселені көтеретін боламыз. Біз нақты ақпарат, яғни қандай ауылдық жерге қанша гектар тиесілі, бірақ қазір берілмей отырғанын анықтауымыз қажет, - деді ол ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған баспасөз мәслихатында.

Партия хатшысының айтуынша, тағы бір мәселе - жердің деградациясы.

Елді мекендегі жайылым жер жетіспегеннен кейін ол жерге жайылған мал жерді таптап,  шөп өспейтіндей жерге айналдырған. Мұны қосымша мәселе ретінде қарасақ болады. Былайша айтқанда, халықтың жері деградацияға ұшырап жатыр, - дед Эльдар Жұмағазиев. 

Бұған дейін «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев ауыл халқының табысын көтеретін жобамен таныстырған еді.  

Өзгелердің жаңалығы