Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

19 Мамыр 2022, 09:53
1754
Бөлісу:
Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатының жалпы отырысында Жоғарғы сот судьясы Ерден Әріпов қызметінен босатылды.

Бүгін Сенат Жоғарғы соттың судьясын қызметінен босату туралы мәселені қарады.

Сіздердің қарауыңызға Ерден Рауанұлы Әріповті Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысы енгізіліп отыр. Президент Жарлығымен Ерден Рауанұлы Қарағанды облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды, - деп баяндады Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп Сенаттың жалпы отырысында.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков осы мәселеге қатысты комитеттің қорытындысын жариялады.

Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы негізінде және Қазақстан Республикасы Конституциясы 55-бабының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 34-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті мынадай қорытындыға келді: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына Ерден Рауанұлы Әріповті басқа қызметке тағайындалуына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босатуға ұсыныс жасалсын, - деп айтты Волков.

Сенаторлар осы мәселеге ашық дауыс беріп, қаулы қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы